Бала тәрбиесі

Аспаздық бастаманың 8 құпиясы

Әрбір ата-ананың міндеті ‒ баласын күн сайын туындайтын көптеген күрделі мәселелерді шеше алатындай, өз бетінше ер жетуіне дайындық жасау. Алдымен, төменнен бастау қажет. Мысалға ас дайындаудың қарапайым дағдыларын үйреткен жөн. Ендеше, жасөспірімдерге арналған 8 аспаздық кеңеске құлақ түрейік.

Суды қалай қайнатады?

Бұл ‒ сорпа, паста, жарма мен көкөністерді дайындаудың алғашқы қадамы. Балаңызға шикі өнімге қатысты судың пропорциясы туралы айтып, қайнаған сумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін білу қажеттігін еске салыңыз. Кәстрөлден суды мұқият төгуді де үйрену маңызды, әйтпесе, күйіп қалуы ғажап емес.

Бактериялардан қорғану керек

Балаңызға түрлі өнім түрлеріне арналған кесу тақталарын қолданудың қажеттілігін түсіндіріңіз. Мамандар үйде кем дегенде 5 тақтай болу керек деп санайды. Олар: нанға, дайын өнімдерге, көкөністер мен жемістерге, етке және балыққа арналған. Ыңғайлы болу үшін әр тақтаға қандай өнімге арналғандығын жазып, маркермен белгілеп қойыңыз.

Азық-түліктерді дұрыс жуу мен оларды тағамға қосудың жолдарын білу де маңызды. Жасөспірімге көкөністер мен жемістерді не себепті қайнаған сумен жуу керек екендігін түсіндіріп, ал не үшін тауық пен етті ағынды сумен тазалауға болмайтындығын да айтып өтіңіз.

Жұмыртқаны дайындау жолы

Жұмыртқа ‒ тойымды әрі пайдалы ақуызды өнім. Егер балаңыз оны дайындауды үйренсе, аш қалмайтыны сөзсіз. Алдымен, ең қарапайым түрі ‒ омлет жасауды үйретіңіз. Бұл ‒ тойымды таңғы асқа да, сондай-ақ, жеңіл кешкі асқа да қолайлы әмбебап тағам. Балаңызға омлетке тоңазытқышта бар кез келген өнімді қосуға болатындығын түсіндіріңіз. Бұл ‒ сізге импровизация мен шығармашылық ойлауды дамытуға арналған таптырмайтын мүмкіндік.

Girl with salad

Суық қарудан дұрыс сақтану

Ата-аналар бұл сәтті мүмкіндігінше, кейінге қалдырады. Жасөспірім шаққа келсе де, кез келген ана үшін баласын өткір пышақпен көру үрей тудырады. Бірақ ерте ме, кеш пе сіз қорқынышыңызды жеңуге мәжбүр боласыз. Себебі, бұл дағдысыз балаңыз өзі үшін бір үзім нан да кесіп ала алмайды.

Үйретуді бастамас бұрын, сырғып кетпеуі үшін тақтаның астынан ылғалды сүлгі қойыңыз, бұл кенеттен туындайтын оқыс жағдайлардың (саусақты байқаусыз кесіп алу және т.с.с) алдын алады.

Көптеген ата-аналар балаға өткір пышақ бермес бұрын, қауіптілігі аз асхана пышағымен жаттықтырғанды жөн санайды. Мамандардың пікірінше, бұл тәсіл дұрыс емес қатты өнімдерді кесуге арналмаған ас үй құралы жай пышаққа қарағанда әлдеқайда көп зақым келтіруі мүмкін. Қажет өнімді кесу үшін бала пышаққа көп күш салады, ал бұл әрекет арқылы суық қару кез келген уақытта қолдан сырғып, саусақты кесіп кетуі ықтимал.

Мамандардың пікірінше, өткір пышақпен жұмыс жасау кезінде барлық қауіпсіздік ережелерін бірге қайталау әрі балаға саусақтарды қысып, пышақ жүзінің қозғалысын білекпен шектеп, оны қолда қалай дұрыс ұстау керектігін көрсету әлдеқайда орынды. Бала бұл ас үй құралына көп күш салмауы үшін оны жақсылап қайрау қажет.  

Паста дайындау әдісі

Кем дегенде макарон өнімдерінің бір түрін дайындай білудің өзі жеткілікті. Осылайша, қажет болған жағдайда жасөспірім өзін және отбасы мүшелерін тамақтандыра алады. Оқытуды суды қайнату және оны қауіпсіз ағызу дағдыларын жақсылап меңгергеннен кейін ғана бастау керек.

Әзірге май, ірімшік және жұмыртқа қосылған спагеттидің қарапайым әдістерімен шектеліңіз (сіз балаңызға жұмыртқаны қалай пісіру керектігін көрсетіп қойдыңыз ба?). Тағам ‒ қарапайым, арзан және тез дайындалады ‒ жаңа бастаған аспазға нағыз керек мәзір!

Маңызды 5 кеңес

Енді күрделі тағамдарға көшеміз. Жасөспірімнен ешкім кешкі асқа ащы шөптермен бұқтырылған ораманы күтпейді, бірақ қарапайым ет тағамдарын дайындау дағдысы артық болмайды. Кесілген тауықтың төс етін қуырудан бастаңыз (кейінірек олар палау немесе картоп тұздығының бөлігі болуы мүмкін) немесе дайын тартылған ет – оны қайнатылған пастамен біріктіруге болады (төртінші қадамды қараңыз).

Бұл кезеңде балаға төмендегі 5 нәрсе «БОЛМАЙДЫ»:

Газды барынша қатты қосуға БОЛМАЙДЫ;
 Кесілген өнімдерді қолмен жаюға БОЛМАЙДЫ;
Етті дұрыс қызбаған табада қуыруға БОЛМАЙДЫ;
Егер табаның ішіндегі өнімдер өртеніп кетсе (бұл бірінші ескерту орын алмаған жағдайда болады) – оған су құюға БОЛМАЙДЫ. Мұндай жағдайда балаға ыстық май мен су араласқанда не болатынын түсіндіру әрі көрсету өте маңызды (желіде мұндай бейнероликтер көп);
Қызғылт сөлі ағып тұрған етті жеуге БОЛМАЙДЫ – бала өскен кезде аспаздық шеберлікті игеріп алады, ал қазір біз үшін ең бастысы – шикі етті жеуден сақтау.

Тамақтануды тиімді жоспарлау

Бізге нюанстар мен жоспарлау дағдыларын игерместен бұрын азық-түліктерді сатып алу тізімін дұрыс құруды (мәзірге сәйкес) білу артық етпейді. Ересек өмірде мұндай білім мен дағды талай қажет болады.

Тазалық қашанда маңызды

«Ыдыс-аяқ өздігінен жуылмайды» категориялық тұжырым, онымен дауласа алмайсың. Аспаздық қабілетпен қатар балаңызға тазалық пен тәртіпке деген сүйіспеншілікті ұялату да орынды. Бұл болашаққа деген үлкен инвестиция, балаңыз кейін сізге «рахметін» айтатын болады.