Нумерология

Шығыс астрологы: Сати бағында кімдер жүр?

«Мен өз қалауымдағы істі істеп жүрмін бе» деп аяқ асты ойнала бастадым» «Бұрын барлығы оңай жүзеге асушы еді, кейін күрделеніп, түсініксіз болып кетті» «Бір сәтте өмірім астаң-кестең болып, барлығы өзгере бастады» «Сол кезде табысым қандай еді, кірісім бірден 4 есеге өскен» «Сәтсіздіктен көз ашпадым, ұзаққа созылған депрессия. Мұндай кезеңнің болатынын білгеннен кейін, өмір сабақтарына деген алғысым шексіз» «Мен өмірлік серігімді кездестірдім, екеуіміз отау құрдық»

Майра Тұрсынбекова, Шығыс астрологы

Осындай кереғар әңгімелердің барлығы адам өміріндегі бір кезеңге қатысты айтылады. Ол астрологияда «Сати бағы» кезеңі деп аталады. Бұл өзіңіздің бағытыңызды қаншалықты орындап, өз жолыңызбен дұрыс келе жатқаныңызды тексеретін маңызды кезең. Бар Ғалам, жарық дүниедегі барша құбылыс өз Жолыңызды табуға, аяғыңыздан нық тұруға көмектеседі. Бұл бұрынғы, қалыпты өмірдің бұзылуы арқылы белгі береді. Себебі, адамдардың дені өз істерімен айналыспайды.

Мұндай кезеңді бастан кешірмейтін жан жоқ. Ол әдетте 7,5-8 жылға созылады. Егер жоспарларыңыз бұзылып, келеңсіз жағдайлар бірінен соң бірі қайталана берсе, онда сіз дәл осы кезеңді бастан өткеріп жүрген болуыңыз мүмкін. Шындығында, Сати бағы кезеңі сіздің игілігіңіз үшін жұмыс істейді. Кейде адамдар мұны ауыр, күрделі жағдайлар басына түкен кезде ғана түсінеді.

Сати бағы кезеңінің мақсаты адамның өмірдегі өз орнын табуына, дұрыс жолға түсуіне, бақытты сезінуге және өмірден ләззат алуына көмектесу.

Әдетте, барылығы ішкі дауыстан басталады. Адамның интуициясы не нәрсені істеу керегін айтып тұрады. Егер адам интуициясын тыңдап, соған сай жұмыс істесе, онда өсу, өркендеу, сәттілік пен бақытқа барынша тез қол жеткізеді. Егер адам ішкі үнін тыңдамаса немесе естімесе, онда қолдан келер шара жоқ. Өмір өзінің аяусыз әдістерімен түсіндіреді.

Аяусыз әдістер әр түрлі болады: азаптану, жоғалту, түйіткілді мәселе, жеке өмірдегі қиындық, ажырасу, жұмыстағы қиындық, тақырға отыру, жұмыстан шығу және тағы басқасы.

Аман өткендер алғыс айтады. Иә, бұл кезеңді бастан өткеріп, өзін тапқан жандар басына түскен жайттарға алғыс айтудан жалықпайды. Себебі, дәл сол проблема бүгінгі әдемі өмірге жетуіне итермелеген. Қазір жұлдызнамадағы кімнің айы Сарышаян, Мерген және Тауешкі шоқжұлдыздарында тұрса, сол Сати бағында жүр. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап кімнің айы Суқұйғышта тұрса, соның өзгеріс кезеңі басталып, Сарышаянда тұрғандардікі аяқталады.

Сати бағына қашан кіретініңізді қалай анықтауға болады? Ол үшін өз шоқжұлдызыңыздың айы қай белгіде екенін білу маңызды. Оны қалай білеміз?

www.j108.ru сайтына кіріп немесе Grahas қосымшасын жүктеп алып, өз шоқжұлдызыңызды енгізесіз.

Төменде www.j108.ru сайтын қолдану нұсқаулығын ұсынып отырмын:

  • j108.ru сайтына кіресіз.
  • «Шоқжұлдызды есептеу» (Рассчитать гороскоп) белгісін басасыз.
  • Келесі кестені толтырасыз: «Күн мен уақыт» деген жерге туған күніңізді, айыңызды, жылыңызды жазасыз. Бос орын қалдырып, дүниеге келген сағатыңызды жазасыз. Егер білмеген болсаңыз, онда 12.00 деп енгізіңіз. «Туған жеріңіз» деген тұсқа өмірге келген қалаңызды енгізесіз.
  • «Есептеу» (Рассчитать) батырмасын басыңыз. Күтесіз!
  • Экранда карта пайда болады.
  • Картаның төменгі жағында кесте бар. Ай орналасқан қатарға қараймыз. Енді «Раши» бағанын тауып аламыз. Екеуі тоғысқан жерде қандай шоқжұлдыздың аты жазылып тұр? Ол сіз өмірге келген кезден бастап Айыңыз орналасқан белгі. Қандай да бір сұрағыңыз болса, Instagram-дағы @maira_astrolog аккаунтыма жолдай аласыздар!

2020 жылға арналған астрологиялық кеңесімді Сырласу журналының желтоқсан-қаңтар айларына арналған жаңа санынан оқи аласыздар. Ол жерде әдеттегі жұлдыз жорамал емес,  келер жылы сізге не істеп, нені алға тарту керегін арнайы санға байланысты айтатын боламын. Жаңа сан Желтоқсан айының басында жарыққа шығады. Күтіңіздер!

«Астрология – сәуегейлік емес, өзіңді танудың құралы»

(с) Майра Тұрсынғалиева