ДенсаулықДиета және фитнес

Ауырмаудың жолын білесіз бе?

Жағымсыз ойларды артқа тастаңыз

Мәселен, таңертең қар жапалақтап жауып, айналаны әдемі сәнге бөлеп тұр. Жұмысқа бара жатып шыға берісте көршіңізбен жылы лебіз айтысып, жайма шуақ көңіл-күйге бөлендіңіз. Дәл осы көңіл-күйді күні бойы сақтап, кешкісін сол көңілмен үйге оралуға тырысыңыз. Әдеттегі тәжірибе көрсеткендей өмірге құлшынысы жоғары және болашаққа сеніммен қарайтын адамдардың көңіл-күйі жақсы болып жүреді. Олар сондай-ақ, қиындықтарды да оңай жеңе біледі. Калифорния университеті философия ғылымдарының докторы Майкл Конның пікірінше: «Үнемі қуанышты болып жүру мақсат емес, ара-тұра алаңдаушылық, ашулы немесе әлдебір нәрсеге уайымдап жүруіңіз де заңдылық саналады. Дегенмен, күн бойына басыңыздан өткен кем дегенде үш жағымды нәрсені жадыңызға ұстап қалуды үйреніңіз. Бұл жалпы өзіңіздің көңіл күйіңізді көтеруге ықпал етеді» деген екен. Жүрек саулығы – ми саулығы

Жүрегіңіз бен қан тамырларыңызға қазірден қамқорлық жасаңыз. Британия ғалымдарының 11 151 адамға бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеулер нәтижесінде жасы 35–40-қа таяған адамдардың жүрек немесе қан тамырлары ауруына шалдығуы мидың қабілетін төмендетеді екен. Жүрек қан тамырлары ауруына шалдықпас үшін салауатты өмір салтын ұстанған абзал. Егер бұл дертке ұшырағыңыз келмесе төмендегі бірнеше қарапайым кеңестерге құлақ түріңіз. Дене шынықтырулар жасау, артық салмаққа жол бермеу, көкөніс пен жеміс –жидектерді көбірек тұтыну, сондай-ақ, дәнді дақылдар да күнделікті тағам мәзірінен түспеуі тиіс. Тұзды аз қолдану арқылы қан қысымыңызды аздап төмендете аласыз.

Картинки по запросу масла и злаки

Май және дақылдар

Егер ағзадағы холестерин көлемін азайтқыңыз келсе, жеңіл өсімдік майларына басымдық беріңіз. Мәселен, зәйтүн майы таптырмас ем. Алғашқы сығынды кезінде алынған зәйтүн шырынының құрамында барлық дәрумендер сақталып, дәмі аштылау келеді. Егер бұл жолы сатып алған майыңыз алдыңғы майдан аштылау болса алаңдамаңыз. Бұл оны өсірген аймаққа байланысты. Мұндай майды таңертең аш қарынға бір ас қасық ішуге кеңес беріледі. Ал, «100 % зәйтүн майының» иісі аздап төмендеу болады. Бұл қосымша өңделген және байытылған өнім саналады.Картинки по запросу похудеть

Қыпша белді қадағалаңыз

Егер сіз соңғы айларда беліңіздің аздап толғанын байқасаңыз оны қайта қалпына келтіруді дереу қолға алыңыз. Мамандар әйел адамның белі жылдам толығатынын анықтаған. Мұндай өзгерістің бірнеше себебі бар:

➣ ас қорыту жүйесінің бұзылуы іштің желденуіне алып келеді.

➣ етеккір алдында ағзадағы сұйықтықтың болуына байланысты іш желденеді. Бұл жағдайда тұздың мөлшерін азайту керек. Дегенмен, мықынды қыпша бел ету үшін оның бұлшық еттерін жаттықтыру керек. Ол үшін белгілі бір ырғақпен ішті 5 секундқа тарту қажет. Дәл осылай күнделікті 3 мезгіл жаттығуды 10 рет қайталаса, бір айдан кейін сіздің ішіңіз кетіп, беліңіз нағыз қыпша белге айналады.