ДенсаулықСаулық үшін

Ауырсынуды жеңілдететін 10 пайдалы өнім

Ақ халаттылар ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектердің көмегіне жиі жүгінуге қарсы: ауырсыну – дабыл белгісінің бір түрі, оның көмегімен денеміз кейбір жағымсыз процестердің жүріп жатқаны туралы хабарлайды. Дейтұрғанмен, дереу дәрігерге бару мүмкіндігі тумаса әрі ауырсыну дәрі қабылдайтындай ауыр болмаса, оны қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын әсері бар өнімдермен де емдеуге болатындығын біліп жүріңіздер.

 

Зәйтүн майы

Зәйтүн майында кездесетін олеокантальды химиялық зат қабыну ферменттерін тежеу ​​арқылы танымал ибупрофен сияқты әрекет етеді. Сондықтан да жай ғана зәйтүн майымен хош иістендірілген салаттың порциясын жеу арқылы немесе қабынған теріге компресс жасау арқылы (бірақ денеде күйік болған жағдайда аталмыш процедураға тыйым салынады!) ауырсынуды азайта аласыз.

Ананас

Бромелайн – тропикалық жемістердегі бай фермент, сондай-ақ оның қабынуға қарсы әсері басым, әсіресе, буын ауруларына жақсы шипа бола алады. Айта кетерлігі, бромелайн тізедегі ауырсынуды азайтуға, артриттен туындайтын жағымсыз сезімдерді жеңілдетуге, тіпті тіс дәрігеріне барғаннан кейін де ауырсынуды бәсеңдетуге көмектеседі.

Алма

Кверцетин – қабынуды, соның ішінде ішкі қабынуды азайтуға қабілетті антиоксидант, ол көптеген жемістердің құрамында кездеседі, десе де алма жемісі аталған антиоксидантқа бай. Сондықтан ағылшындардың «Алманы неғұрлым жиі жейтін болсақ, соғұрлым дәрігердің көмегіне мұқтаждық азаяды» дейтіндері рас.

Бір шыны аяқ шай мен бір уыс шие ерекше дәмімен ғана таңғалдырмайды, сондай-ақ науқастанып жатқанда дертке шипа да бола алады.

Жаңғақтар мен дәндер 

Олардың құрамында магний, l-аргинин және Е дәрумені бар, олар ағзадағы қабыну биомаркерлерін азайтуға көмектеседі. Ал ең пайдалылары – грек жаңғағы, жержаңғақ, бадам, пісте, зығыр мен чиа тұқымдары.

Қара шоколад

Шалыс естімедіңіз. Какаоға бай антиоксиданттар (қара шоколад құрамында көп кездеседі) қауіпті ақуыздарды, соның ішінде салдары Альцгеймер ауруын тудыратындарды бейтараптандыру арқылы қабынумен күресуге көмектеседі. Сол себепті күніне қара шоколадтың бірнеше тілімін жеу ағзаңызға дәрі болып сіңеді.

Қоңыр күріш

Қоңыр күріш, сондай-ақ басқа да дәнді тағамдар пайдалы талшыққа бай болып келеді, олар ішектерімізге көмектесіп қана қоймай, c-реактивті ақуыз деңгейін төмендетуге қабілетті. Бұл – ағзада туындайтын кез келген қабыну процесіне жауап беретін бауыр шығаратын зат.

Жүзім

Жүзім мен тұт жемісінде кездесетін ресвератрол заты асқазанның шырышты қабығын тітіркендірмей, қабыну ферменттерін аспирин препараты секілді тиімді түрде тежейді. Сондықтан аспириннің орнына жүзім жеуге әбден болады.

Қызыл шие

Шие мен қызыл шие жемісінде (сонымен қатар таңқурай мен құлпынайда) антоцианиндер деп аталатын химиялық заттар көп. Олар атецилсалицил қышқылы (аспирин) сияқты қабынуға қарсы жақсы әрекет етеді.

Пияз бен сарымсақ

Пияз бен сарымсақ құрамындағы күкірт қосылыстары иммундық жүйені ынталандырады, ал қабынуға қарсы заттар ауырсынуды және ісінуді азайтуға көмектеседі. Сол себепті аналарымыздың «Пияз бен сарымсақты жиі жеу керек» деген сөздері бекер айтылмаған.

Көк шай мен қара шай

Шайдың барлық белгілі пайдалы қасиеттеріне қабынуды азайту және ауырсынуды жеңілдету мүмкіндігін қоссақ, қателеспейміз. Бұл шайлар артрит және басқа да буын аурулары кезінде ем болмақ: шай жапырағы инфузиясына бай антиоксиданттар мен флавоноидтар жасушалардың зақымдалуымен күреседі, осылайша қабынуды азайтады.