ДенсаулықСаулық үшін

Ауыздан шыққан иіс: ҚАУІПТІ 7 АУРУДЫҢ БЕЛГІСІ

Қызыл иектің ауруы, диабет, тіпті, обырды да ауыздан шыққан жағымсыз иіс арқылы анықтауға болады. Қандай да бір дертке шалдыққан кезде біздің ағзамыздағы өзгерістер сырт көзге байқалады. Теріміздің түсі өзгеріп, тырнағымызда, тісімізде дақ пайда болып, аузымыздан жағымсыз иіс шығады. Осындай ұсақ-түйек өзгерістер қауіпті аурудың  ерте белгісі болуы әбден мүмкін. Осы жолы сіздерге дәрігерлер ауыздан шыққан жағымсыз иіс арқылы қандай дертті анықтайтынын айтамыз.

Преэклампсия

Преэклампсия —жүктілік кезінде пайда болатын жоғары қан қысымы. Оның соңы қазаға алып келетін жүктілік талмасына соқтыруы мүмкін. Қаншалықты ерте анықталса, соншалықты жақсы болмақ. 3 жыл бұрын Advanced Materials Science журналында жарияланғандай, бұл ауруды аяғы ауыр әйелдің тыныс алуынан 84%-ға дейін дәл анықтауға болады.

Өкпе обыры

Израйль ғалымдары обырды ерте бастан 90 пайызға дәл анықтайтын  «NaNose» деген құрал ойлап тауыпты. Ғылыми журналдар оның ауыздан шығатын иіс арқылы Крона дертін, бүйрек жұмысының бұзылуын, ұмытшақтық пен обыр ауруының бірнеше түрін анықтайды деп жазып жатыр.

Бүйрек жұмысының бұзылуы

Бұл дертке шалдыққан кезде ауыздан аммиак секілді ащы иіс шығады. Ғалымдар аммиак иісі шыға бастаған кезден бастап ауруды анықтайтын құрал ойлап тапқан. Ол бүйрек жеткіліксіздігін дер кезінде ем қабылдауға көмектеседі.

Бауырдың толып кетуі

Ауыздан шикі балықтың иісі шықса, онда бауырдың жұмысы бұзылды деген сөз. Оның өздігінен жұмыс істеуі қиындап, токсиндерді игере алмай қалады. Қауіпті заттар дәрет, тер мен тыныс алу жолдарына жиналып, жағымсыз иіс шығарады.

Ұмытшақтық

Бұл – өте қатерлі аутоиммундық дерт. Кейде ағза орталық жүйке жүйесіне шабуыл жасайды. Ұмытшақтыққа шалдыққан пациенттердің көбінің аузынан жағымсыз иіс ерте бастан шығады екен.

Қызыл иектің ауруы

Ескірген жұмыртқаны еске салатын иіс қызыл иек ауруының белгісі. Ірің немесе бітеу жара қызыл иектің кішкене бір бөлігінде болса да, иіс қатты шығады. Мұндай ауруларды тек дәрігерлер ғана анықтай алады. Сондықтан, деміңіздің таза еместігін байқаған сәтте дереу дәрігерге көрініңіз.

Қант диабеті

Егер деміңізден тәттінің немесе жемістің иісі шықса, бұл кетоздың белгісі болуы мүмкін. Кетоз кезінде ағза энергияны көмірсудан емес, майдан ала бастайды. Эндокренолог маманға қаралып, қант мөлшерін анықтау үшін сараптама жасату керек. Осылайша, ауруды асқындырмай, қант диабетінің алдын алуға болады.