ДенсаулықСаулық үшін

Әйел ағзасына магний жетіспесе не болады?

Дәл сұрақты гинеколог, жоғары санатты дәрігер Дина Сұлтангерееваға қойған едік. Маман жауабын назарыңызға ұсынамыз.

881Қаралымдар
Дина Сұлтангереева, жоғары санатты дәрігер, гинеколог-эндоркинолог

Магнийдің жетіспеуі етеккір кезінде немесе жүкті уақытта айқын байқалып жатады. Ол адамның күйзеліске түсуіне әсер етеді, мысалы он минут бойы ашуланғанда, сіз магнийдің бір күндік мөлшерін жоясыз. Оның жойылуы біздегі гармондардың бұзылуына алып келеді.  Ал, күйзеліс етеккір циклін бұзуы мүмкін. Магний тапшылығы етеккір ауруларын, іштің спазмдарын және «етеккір алды синдромын» күшейтеді. Кейбір әйелдердегі етеккір кезіндегі ауырсынуға осы да себеп болады.

Сонымен қатар жүктілік және бала емізу – әйелдің өмірінде магний көп қажет болатын кезеңдер десек артық айтқандық емес. Жүктілік кезінде магний тапшылығының белгілері таксикоздың күштілігінен, іш қату және балтыр бұлшықеттерінің құрысуы түрінде байқалуы мүмкін. Ал, емізетін әйел сүтінің бір литрінде 33 мг-нан 37 мг дейін магний бар. Сондықтан осы кезеңдерде құрамында магний бар заттарды көбірек тұтыну ұсынылады.