әйел оргазмы
Екеудің құпиясыЖан әлемі

Әйел оргазмы жайында кең таралған 5 аңыз

Айгүл Әділова, сексолог

Әйел оргазмы туралы аңыз көп. Жалпы, оргазм – нағыз ләззаттың шыңы. Бірақ ол аңыздар мен мифтерге толы екендігі даусыз. Алайда, кей сәттерде ел аузындағы сол аңыздар төсек қатынасынан ләззат алуға кедергі келтіреді. Сол себепті шындық пен жалғанды ажырату үшін сексолог Айгүл Әділовамен бірге талдау жасаймыз.

 

 

1 аңыз: “Тоятсыз рахат жоқ”

Тіл ұшында «секс» болса, көкейде «оргазмды» көздейміз. Бұл оймен көптеген секс-коучтер сендіреді. Егер эякуляция – ұрпақты жағастыруға арналған ер адамның биологиялық функциясы болса, онда әйелді эволюция тұрғысынан шығарудың қажеті жоқ. Сонымен қатар кейбір әйел оргазмды сезінбейтіндіктен,  өздерін суық санаулары мүмкін.

Шынтуайтында: Оргазм – жақындықтың бонусы, бірақ оның жыныстық қатынас нәтижесіне айналуы шарт емес.

Сексологтар: «Төсек қатынасы кезінде оргазмға деген фанатиялық құштарлық екі жыныс өкілін де алаңдатуы мүмкін», – деп түсіндіреді.

Әйел оргазмы пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді, олар: серіктеске деген сенім деңгейі, көңіл-күй, жалпы денсаулық және өзіңді еркін сезіне білу қабілеті.

Әйел оргазмы ықтималдығының төмендеуі – жақындықтан ләззат алмауға себеп емес. Өйткені, жағымды сезімдер мен эмоциялар жыныстық қатынастың барлық кезеңінде көрініс береді.

Жалпы әйелдің жыныстық қабілетін оргазм деңгейімен өлшеуге болмайды. Дейтұрғанмен, көп әйелдердің «Серіктесім ләззат алады, ал мен не себепті сезінбеймін?» деген ойдың шырмауында қалатыны да бар.

Бүгінгі таңда 18+ фильмдер барлығын осы мәселеге әкеліп тіреп тұрғандай. Мәселен, экранға телміртетін көп әртіс қыздар «мінсіз» оргазмды көрсетуге тырысады. Ал, шындығында, оның бәрі жай ғана рөл.

2 аңыз: “Әйел оргазмы еркекке байланысты”

Әйелдер арасында «әйелдің тояттауы тек еркекке байланысты. Ол мені қанағатандыра алмады» деген пікір қалыптасқан. Ол қате ұғым.

Шынтуайтында. Қанағаттануға деген жауапкершілік әр адамның өзіне жүктелетіндігін ұмытпаңыздар. Жұбыңыз оргазмға кепілдік берілмейді, себебі кей жағдайда жоғары мазасыздық пен алаңдаудың салдарынан оргазм пайда болмайтын кездер де орын алады.

Сондықтан да өзіңізге құлақ асып, жыныстық қатынасты басқара біліңіз. Ол үшін өз қоздырғыш белгілеріңізді зерттегеніңіз жөн. Қоздырғышты бәсеңдететін дүниені анықтап, оны болдырмауға тырысыңыз.

Жұбыңызға мән-жайды түсіндіріп, онымен өз қалауыңыз жайында сөйлесуді үйреніңіз. Ер адамыңыз ойыңызды оқымайды, сол себепті оған өзіңізді тануға әрі сезінуге көмектесіңіз.

Жыныстық қатынастың сапасы үшін серіктесіңіздің кім болғаны маңызды емес, себебі оргазмға кез келген адаммен қол жеткізуге болады.

Оргазмға қабілет психосексуалдық даму барысында (яғни қыз өз-өзін зерттеу арқылы өзін-өзі ынталандырумен айналыса бастаған уақытта) үдейді. Осылайша, ол уақыт өте келе серіктесімен оргазмға жетуге көмектесетін эрогендік аймақтарды аша түседі.

Ер адам керемет көңілдес болуы мүмкін, бірақ егер әйел өз тәнімен не істеу керектігін білмесе, серіктесіңізге де оңай соқпасы анық.

Мастурбацияның денсаулыққа зиян екендігі туралы тағы бір аңыз қылт еткені рас. Жалпы мастурбация эндорфиндер, қысым мен күйзелісті жеңілдететін ләззат алу гормондары бөлінетін табиғи үдеріс болып табылады.

Алаңдаушылық, мазасыздық, ұялу, қатаң тәрбие жасөспірімдердің жыныстық қатынасқа түсуіне әкелсе, ал ересектерде бұл қарым-қатынасқа теріс әсер ететіндігін де естен шығармаған абзал.

3 аңыз: “Әйел оргазмының түрлері көп”

Зигмунд Фрейд әйелдердің «инфантильдік» клиторальды және «ересек» вагинальды оргазмы бар екендігін мәлімдеген болатын. Осы уақытқа дейін көптеген әйелдер өздерінің оргазмдарын әртүрлі түрге бөліп, қарастырып келді.

Шынтуайтында. Әйел оргазмы – бұл қынаптың рефлекторлық жиырылуы. Әйел адамды тояттандыруға ынталандырудың көптеген жолдары бар.

Ынталандыру, әсіресе, оргазмға әкелетін аймақтар – клитор, қынап және анальды аймақ. Дегенмен оргазмды омырауға қол тигізу, жамбас қысу, пресс жаттығулары және т.б. тудыруы мүмкін.

Оргазмның қарқындылығына көптеген факторлар әсер етеді, ол: цикл күні, жүйке жүйесінің ерекшеліктері, гормоналды фон, қозудың күші мен ұзақтығы және жыныстық қатынас.

Жалпы оргазм мінсіз немесе дұрыс деп бөлінбейді.

4 аңыз: “G нүктесі экстазға кепілдік береді”

G нүктесі қынаптың жоғарғы тұсында орналасқан. Ол оргазмға жетуге кепілдік береді. Әйелдің жыныстық қатынастан барынша ләззат алуын қалайтын ер адамдар әлі күнге дейін G нүктесі іздеуді жалғастыруда.

Шынтуайтында. Қынаптың жоғарғы қабырғасына шамамен 5 сантиметр болатын аймақ бар, бірақ барлық әйелдерде оны қоздыру оргазмға әкелмейді. Бұл аймақта сезімтал жүйке ұштарының жиналуы жүйке жүйесі арқылы клиторға және одан әрі миға дабылдың дұрыс берілуін сипаттайды. Дегенмен, бәрі дерлік одан ләззат алмайды. Біреулер ыңғайсыздықты сезініп, зәр шығаруды жиілетсе, ал біреулер басқа эрогендік аймақтарды ынталандырудықоздыруды жөн көреді.

Бұл әрекет төсектегі серіктесті ренжітуден немесе жоғалтып алудан қорқып, оның көңілінен шығуға деген ниеттен туындайды. Бірақ егер өзіңізді басқарып, сезімдеріңізді бассаңыз, жақындықтың сапасы нашарлайды.

Жұп арасында өзара түсіністік болмаған кезде түрлі мәселелер пайда болады. Яғни олар өз сезімдерін, эмоцияларын және шынайы тілектерін жасырған уақытта араларында түсініспеушілік орын алады.

Бұл дағдылардың негіздері жыныстық жетілу кезеңінде қалыптасады, бірақ әрдайым жеткіліксіз және жыныстық білімнің жалғасу керектігін білдіреді. Ересектерге де, жасөспірімдерге де маманға жүгінген жағдайда, оның сараптамасын міндетті түрде тексеру қажет. Маманның медициналық білімі бар сексолог немесе сексуалдылық психологиясын білетін психолог-сексолог болуы маңызды.

5 аңыз: “Сквирт – ол реактивті оргазм”

18+ арналған фильмдерді көргеннен кейін көптеген ер адамдар серіктесінің экстаз деңгейіне шығуын армандайды. Сол себепті әйелдер де оны үйренуге тырысады.

Шынтуайтында. Сквирт – оргазм емес. Сквирт оргазмсыз, ал оргазм сквиртсіз болуы мүмкін. Оргазм мен сквирт тек уақыт бойынша ғана сәйкес келуі ықтимал. Сквирт кезінде бөлінетін сұйықтықтың көлемі, шамамен шай қасыққа тең. Оның құрамында «паруретральды» деп аталатын тері бездерінің әрі зәрдің іздері бар.

Зерттеулер сквиртке қабілетті әйелдер санын бағалауда әртүрлі және олар әйелдерде 6%дан 54%ға дейін ауытқиды дейді. Шыққан сұйықтықтың құрамы нәзік жандыларда айтарлықтай ерекшеленеді әрі оның себебін әлі күнге дейін нақты ешкім айта алмай келеді.

Қалай болғанда да, төсектегі жұбыңызды қуанту үшін сквирт қажет емес, дегенмен одан кейін кейбір ер адамдарда өзін-өзі бағалау жоғарыласа, ал әйелдерде жанындағы ер адамына деген ыстық сезім пайда болады. Бірақ екі жыныс өкілі де төсекте ерекше дағдылар үшін емес, әрқайсысы бастан кешіретін және жұбымен бөлісе алатын ерекше сезімдер үшін қосылатындығын ұмытпаңыздар.

Ұқсас мақалалар:

Төсек ләззатына ынтызарлықты оят

Жас айырмашылығы төсек ләззатына әсер ете ма?