Ақ босағаОтбасы

Әйелдер неліктен өзін-өзі күтпейді?

1.15K (1000)Қаралымдар

Әйел адамның өзіне немқұрайлы қарап, күтінбеуінің себептері қандай? Материалдан оқыңыздар!

Жұмыссыздық

Күнделікті кеңседе қызмет ететін әйелдердің басым бөлігі өздерінің сырт келбетіне назар аударып, күтініп жүреді. Ал кенеттен жұмысынан айырылып қалса, өзін-өзі тастап жіберуі мүмкін. Бұған оның табыс көзін жоғалтуы да әсер етеді. Артық қаражаты жоқ әйел өзін толыққанды күте алмайды.

Уақыт тапшылығы

Әйелдер  ер адамдарға қарағанда әлдеқайда көп жұмыс істейді. Олардың мойнына жұмыс, үй шаруашылығы және бала күтімі артылады. Тіпті, толыққанды ұйқыға уақыт болмаса,  маникюрге баруға  бір сағат қайдан табылсын? Бұл жағдайда көмекшінің пайда болуы жағдайды жеңілдетуі мүмкін.

Кім үшін сәнденемін?

Бұл сөзді тұрмысқа шыққанына біраз уақыт болған әйелден жиі естуге болады. Жұбайымен бірге бірнеше жыл өмір сүргеннен кейін, олар енді серіктесінің көңілінен шығудың қажеті жоқ деп ойлайды. Шындығында, бұған көбінесе күйеудің өзі кінәлі. Сірә, ол өзінің сүйіктісін мақтауды және оған жылы сөйлеуді қойған болар. Егер ер адам жарына қамқорлық жасаса, онда әйел бірден құлпырып кетеді.

Комплекстардың пайда болуы

Кейде әйел адам артық салмақ жинайды. Әдетте бұл көбінесе бұл босанғаннан кейін пайда болады. Әрине, осыған байланысты ол өзін өзі төмен бағалай бастайды. Нәтижесінде, әйел бұрынғы салмағына оралудың орнына, өзін бастап жібереді. Бұл жағдайда оған ерік-жігер мен жақындарының қолдауы ғана көмектесе алады.