Cән мен сұлулықБет күтімі

Азиялық бикештердің сұлулық құпиясы

Жапон, кәріс қыздарының бет терісіндегі мінсіздікке қазір әлем қызыға қарайды. Жұмыртқадай аппақ, теп-тегіс, таза тері – кез келгенді өзіне еріксіз тартып тұратыны бар. Бірнеше жыл бұрын азиаттық сұлулық индустрациясы 10 сатылық бет күтімін жарияға жар салған. Бірақ «Күн асты елінің» бикештері өздерінің 5 құпиясына адал болып шықты. Ол қандай құпия екенін біз анықтадық!

Азиялық бикештер күніне екі мәрте жуынады

Әуелі, әртүрлі косметикалық майлар қосылған құралмен жуынып, содан соң, бетті сұйық негізді құралмен шаяды. Біріншісі барлық майды жойса, екіншісі тесіктерді майлардан, терден тазартады.

 

Олардың крем жағуы да ерекше

Крем жаққанда бетті қатты үйкелеу, ысқылау зиян. Ол теріні созып жібереді. Сондықтан, неғұрлым беттегі массаж сызықтары бойынша жақсаңыз, соншалықты жақсы әсері байқалады. Жеңіл массаж жасай отырып, кремді бетке сіңдіру керек. Көздің айналасына сақ болыңыз. Оған кремді саусақ ұштарымен, аса ұқыптылықпен жаққан дұрыс.

 

Жапон және кәріс қыздар көк шайға ғашық

Олар көк шәйді ішіп қана қоймай, косметикалық қоспа ретінде де пайдаланады. Кез келген тері күтіміне арналған құралда міндетті түрде көк шайдың қоспасы болуы шарт. Оның сыры да қарапайым. Көк шай – безеу мен қызаруға қарсы тұра алатын бірден-бір зат.

 Олар жөкені қолданады

Табиғи жөкеден жасалған ысқышты пайдалану – беттегі қанайналымды реттейді. Біркелкі ылғалдандырады. Жөке дегеніміз –талшықты өсімдік. Сонымен қатар, ол сергіндегі теріге қажеттердің заттардың арқасында  беттегі жаңа тор қабатының түзілуіне де ықпал етеді.

 

Дөңгелекті массаж істейді

Қолмен жасалатын массажға қарағанда дөңгелекті массаж теріні созып жібермейді. Қан мен сөлдің айналымын реттеп, ісікті басып, екінші иектің пайда болуына тосқауыл болады. Терінің қуатын арттырып, беттің шырайын кіргізеді.