НумерологияОтбасы бюджеті

Құпия.Байлық кодын біле жүріңіз.

4 саны нумерологтар арасында сенімділіктің белгісі. 40000 сомасында салым жасасаңыз, жақсы болар еді. 5 – ақша нумерологиясындағы ең маңызды саны. Бұл қаржылық магнит. 50, 500, 5000 теңге жинауға кеңес беріледі.  6 саны тұрақтылықты білдіреді. 168, 768, 876 мықты күшке ие сандар болып саналады! Көлік нөмірі осы сандардан құралса, тіпті, жақсы!

Байлық кодын есептейік

Төрт таңбалы байлық коды туған күн арқылы есептеледі. Оны параққа толығымен жазу керек. Мысалы 15.03.1989.

Ең әуелі туған күн сандарыңыз қосылады. Мысалы, 15-і күні туған адамның саны 6 болады. (1+5=6) – бұл кодтың бірінші саны болады. Содан кейін ай сандары қосылады. Мәселен, 0+3=3. Бұл – екінші сан. Содан кейін туған жылдың сандары қосылып, кодтың үшінші саны шығады. Яғни: 1+9+8+9=27. Туған жылды қосқанда екі таңбалы сан пайда болады. Оны бір-біріне қосып, бір таңбалы сан шығаруымыз қажет. Демек, 27 санында 2 мен 7 саны өзара қосылып, 9 санын береді.

Енді осыған дейін шыққан барлық сандарды бір-біріне қосу керек. 6+3+9=18. ( 1+8=9) Барлық сандар бірге жазылады. 6399 бұл сіздің байлық кодыңыз болады.

Ақша коды қалай жұмыс істейді?

Үйге ақша шақыру үшін байлық кодын әмиянда сақтау керек. Сондай-ақ, байлық кодындағы сандар телефон нөміріңізде де кездессе, жақсы. Кодты күніне бірнеше рет қайталау арқылы сіз қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. Сондай-ақ, оны қызғылт түсті қағазға әдемі етіп жазып қойыңыз.

Неліктен сіз әлі бай емессіз?  Қай жаста тұрмыс құрған тиімді? Шаш қию күнінің маңыздылығы және өзге де нумерология құпияларын сайтымыздан оқи жүріңіз.

Нумеролог мамандарына жиі жүгінесіз бе?