байлық коды
Астрология

Байлық кодын есептеуді білесіз бе?

Әр адамның байлық коды болады.  Оны есептеу қиын емес. Байлық кодыңыздағы сандарды әр жерде қолданып жүрген маңызды. Мәселен, картаңыздың пин коды, поштаңыздағы бұғат сөздер осы қаржы кодыңыздың төңірегінде болуы тиіс.  Осылайша сіз өміріңізге ақшаны тартып тұрасыз.

Байлық кодын есептеу үшін туған күн, ай, жылыңызды жазасыз.

Мысалы:
08.06.1984 жыл – сіздің туған күніңіз делік, ал байлық коды небәрі 4 таңбалы саннан тұрады. Оны есептеу кезінде күн, ай, жыл сандарын өзара бір-біріне қосып шығамыз.
0+8=8, 0+6=6, 1984=1+9+8+4=22=4

 Осылай кейін барлық сандарды бір-біріне қосамыз: 8+6+4=18. Екі таңбалы санды бір таңбалы сан шыққанша бір-біріне қосу қажет.

Демек, бұл адамның байлық коды 8649 болып тұр.

Айта кетейік, байлық кодымен қатар сәтті купюра мен тиындар да болады . Ол адамның туған күні мен айының қосындысынан тұрады. Мысалы жоғарыда атап өткен адамымыздың сәттілік купюрасы 5 санынан тұрады. 5 теңге, 5 рубль немесе 5 доллар.  Осы ақшаларды әмиянда сақтап жүрген маңызды.

Материалды дайындаған: Құралай Әбілқанова.

Ұқсас мақалалар: Нумерология: 3 санының құдіреті