байлық
НумерологияОтбасы

Байлыққа жетелейтін сандар

Мол табысқа қол жеткізуді ойласаңыз, байлық санын есептеуді ұсынамыз. Ол ақшаның энергетикалық ағынымен тікелей жұмыс істеуге көмектеседі. Байлық саны туған күніңіз арқылы анықталады. Оны есептеу үшін туған күніңіз, айыңыз бен жылыңызды қосып шығыңыз, содан соң шыққан сандарды бір таңбалы санға дейін қысқартыңыз. Егер қосынды 11-ге немесе 22-ге тең болса, бұл сандарды әрі қарай қысқартудың қажеті жоқ.

Мысалы: 10 қаңтар 1980 жыл: 1+0+0+1+1+9+8+0=20=2+0=2

Демек, бұл күні туылған адамдардың байлық саны – 2-ге тең.

«1» байлық саны

Сіз дарасыз, көшбасшысыз, сол себепті өзгенің айдауында жүрмейсіз. Бір күнде толық орындай алатын жұмысты жасауға тырысыңыз. Егер бұл күн сәрсенбі болса, тіптен жақсы.Тез байып, қаржылық нәтижеге жылдам қол жеткізу үшін барлық жұмыстарыңызды сәрсенбінің сәтіне қалдырған жөн.

«1» байлық санының жағымды жағы:сенімділік, мақтаныш, ерік-жігер мен бастаған істі соңына дейін жеткізу.

«1» байлық санының теріс белгілері: өзімшілдік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, жалқаулық.

«2» байлық саны

Ойларыңыз бір жерден шығатын адамдармен жұмыс істеуіңіз керек. «Екі» санына ие жандар жалғыз әрекет етсе, сирек байиды.

«2» байлық санының теріс белгілері: жоғары сезімталдық, тәуекел етуден қорқу, өзін-өзі шыңырауға итеру.

Есіңізде болсын: «2» саны ақшаға қатысты болғанда,алдау мен ұрлықты білдіреді. Қаражатыңызды екі әмиянға сақтамаңыз.

«3» байлық саны

Сізде құлшыныс пен қаржылық бақытқа ие болу мүмкіндігі бар. Судан сақ болыңыз!

«3» байлық санының теріс белгілері: шыдамсыздық, сөзқұмарлық, қызғаншақтық.

Үштік – жинақ пен қаржы тұрғысынан қаражат көбейтуде ең оңтайлы сандардың бірі. 3 –  қалтаңызға қаражат әкеледі.

«4» байлық саны

Байлықтың ақшалық кодының иесісіз, бұл сізде әр кез ақша болғанменен, кейде көп мөлшерде болмауы мүмкін екендігін білдіреді.

«4» байлық санының теріс белгілері: басшылық етуге ұмтылыс, өзгелерге қысым көрсету, еріншектік.

Жинақ пен қаржы тұрғысынан алғанда төрт саны тұрақтылықты білдіреді. Алайда, «төрт» қажырлы еңбектің саны екенін ұмытпаңыздар. Коммуналдық төлемдер, үйге және отбасы мүшелеріне арналған тауарларды сатып аларда «төрт» санына сенім артуға болады.

«5» байлық саны

Егер сізге тиімді қаржылық ұсыныс түсіп жатса, темірді қызған кезде соғу керек. Қаржылық жетістік басқа адамдармен ынтымақтастық нәтижесінде келеді. Мүмкіндігінше, көп дос пен серіктес жинаңыз.

Егер сіз ішімдік пен есірткінің құрбаны болсаңыз, баю қабілетіңіз айтарлықтай төмендейді. Табиғатыңызға тәуекел етумен байланысты оқиғалар, саяхаттар, сауда, сараптама мен жаңалықтар сай келеді. Шығындар үшін қолайлы сан – 5.

Есіңізде болсын: Жинақ жинақтауда бес санын ешқашан қолдануға болмайды! Олай болған жағдайда барлығы мақсатсыз және мерзімінен бұрын жұмсалады.

«6» байлық саны

Сіздің қаржылық жетістігіңіз үйге, оқу орындарына, қоғамдық жұмыстарға, білімге байланысты барлық салаға қатысты. 6 – «ақша аяғыңыздың астында» деген мағынаны білдіретін ақшалай код.  

Үнемі сақ жүрсеңіз, ақша да сізді айналып өтпейді. Жинақ пен қаржы тұрғысынан алғанда «алты» ақша үшін қолайлы сан. Күнделікті қажеттіліктеріңізге бағасында алты саны көрсетілген дүниелерді тұтынуға тырысыңыз.

«7» байлық саны

«Жеті» санына ие жандар профессор, оқытушы әрі жазушы болуға икемді келеді. Бай болу үшін өз біліміңізбен бөлісуіңіз керек.Сіз шыдамды, сенімді, салмақты, интуитивті және ерекше ақыл-ой қабілетіне иесіз.

Егер кедейлік сіздің болашақтағы жоспарларыңызға кереғар болса, жеті санын қаржылық сұрақтарды шешуде ешқашан қолданбаңыз! Сондай-ақ, қарызға ақша бермеңіз және қарызға ақша алмаңыз!

«8» байлық саны

Сіз біреудің тапсырмаларын мойынсұнушылықпен орындауды қойып, көшбасшылыққа ұмтылуыңыз керек. Сондықтан, мүмкіндігінше, тезірек өз кәсібіңізді бастауға және оны басқаруға кірісуіңіз қажет. Ірі бизнеске ұмтылыңыз, өйткені сіз табысты жұмыс істей бастағанда қоржыныңыз да майлана түседі.

Өзіңізге кәсіпкерлер мен журналистер арасынан дос табыңыз. Сіз – байлықтың ақшалай кодының нағыз иесісіз, қаражатқа жақсы қарым-қатынас жасағанда «ақша тартылысын» сезінесіз. Дейтұрғанмен, өміріңізде ақшаны алдыңғы орынға қоймаңыз.

«9» байлық саны

«Тоғыз» санының иелері өз бойында төзімділік пен өзгелердің қиындығын түсінуді дамыту керек.

Қаржылық мәселелерді шешуде өзге адамдарға қол ұшын созып, ақыл-кеңес беріңіз.

9 ақша саны, бірақ сіз қаншалықты көп нәрсеге қол жеткізсеңіз, соншалықты оны жоғалтып алуыңыз да мүмкін. Ең бастысы ақшаға деген көзқарас: сіз оларды қандай ниетпен беретіндігіңіз әрі алатындығыңыз маңызды.

Ерекше сандар

11 байлық саны: Егер сіздің байлық саныңыз 11 болса, әрдайым назарда болуға тырысыңыз. Ол үшін сіз жалақысы жоғары оқытушы, министр, елші, рухани кеңесші бола аласыз.

Мүмкіндігінше көп алма жеуіңіз керек, алма сізге ақша энергиясын шақырады.

22 байлық саны: Егер сіздің байлығыңыздың саны 22 болса, бұл сан сізді тынбай жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ол – құрылысшылардың, сәулетшілердің, қауіпті кәсіпорындарға қатыстылардың саны. Бастапқы жарнаны жинауды 22 жасыңызда бастасаңыз, бұл өз әл-ауқатыңыздың алғашқы кірпішін қалағандығыңызды білдіреді. 11 және 22 сандарының иелері арнайы өмірлік миссияны жүзеге асыруға бағытталған дайын бағдарламамен туылады.

Айжан Серікбаева