Екеудің құпиясыЖан әлемі

Бақытты әйел болудың 7 қағидасы

1. Ата-бабаны құрметтеу. Қазір жер бетіндегі ең басты мәселе – адам­дар ата-бабасын құрметтеуді ұмытты. Шығыс-азия халықтарында бұл ежелден қа­­­лып­­тас­­қан дәстүр еді. Біз күш-қуаттың қай­нар көзін – ата-бабаның батасынан, өз қа­ны­мыз­дан аламыз. Бұл теңдессіз күш. Сон­дықтан ең болмаса жылына бір рет о дү­ние­лік ата-бабалардың ба­сы­на барып тұрыңыз.

2. Туыспен байланыс. Қо­нақ­қа бару дәстүрі бүкіл әлемде, бар­лық дін өкілдерінде бар. Әрбір тұр­мыс­қа шыққан әйел күйеуі мен оның ту­ыс­та­ры­ның арасын жалғаушы көпір. Оларды қо­нақ­қа шақырып, қуантып, таңқалдырып тұ­ры­ңыз. Сонда олардың батасын алып, жақ­сы сөздер естисіз. Ал, бұл сізге шка­ла­сы өте үлкен, ең қажет қуат көзі. Бәрін бір­дей көру, адал, ашық болу – өте ма­ңыз­ды.

3. Күйеуді сүю. Сіз күйеуіңізді бас­ты орынға қоятын боларсыз. Де­ген­­мен, ең бірінші құрметке үл­­­кен­­дер лайық. Күйеуіңіздің ата-ана­сын өз туғаныңыздай сыйлаңыз. Өз ту­ыс­та­ры­ңыз­ға қалай қыз­мет етсеңіз, күйеудің де ту­ыс­та­ры­на солай қызмет көрсетіңіз. Бұл әрекет жа­ры­ңыз­дың сізге деген ерекше ықы­ла­сын тудырады. Ең бастысы, ортада «көзсіз ма­хаб­бат» орнайды. Шынайы ма­ха­ббат­қа әр­бір адам ие бол­ғы­сы келеді. Өзін өмірде бар болғаны үшін жақсы көр­се екен дейді. Бар мәселенің бастауы – осы. Психология ай­на­лып келгенде бүкіл ғаламды шынайы қа­был­дау­ға үйретеді. Сондықтан жа­ры­­ңыз­­ға Құдайдың бер­ген сыйы деп қа­­ра­­ңыз. Күн сайын ға­шық болыңыз.Ол сіз үшін бү­кіл әлемді жау­лап алатын батыр деп ой­ла­ңыз. Оған қа­ра­ған­да көз­де­рі­ңіз от шашып тұрсын. Сү­йік­ті әйе­лі­нен мұн­дай көзқарасты бай­қа­ған еркек өзін қан­ша­лықты бақытты се­зі­не­ті­нін біл­се­ңіз ғой…

4. Өз-өзін бағалау. Қуаттың қайнар көзі ­– өзіңіз. Өзін бағалай білу аса ма­­ңыз­ды. Десе де, «Өзін жақсы көру» ұғымын шектен тыс қабылдамаған дұрыс. Өзіңізді әйел ретінде, әкеңіздің қызы, аға-әп­ке­лер­дің бауыры, муза, ана және жай ға­на адам ре­­тін­­де жақсы көріңіз. Күніне бір сағат уа­­қы­­ты­­ңыз­­ды тек өзіңізге арнаңыз. Ой, се­­зім, іс-әрекетіңізбен оңаша қалыңыз. Же­­ке істеріңізден ләззат алып, айнаға қа­ра­ған­да күлімдеңіз. Өзі­ңіз­ді мақтап, өзіңіз туралы тек жақсы сөз ай­ту­ды үйреніңіз. Сон­да ғана сіз басқа адам­ның бойынан жақ­сы қасиеттерді танисыз. Өзіңізді үнемі қа­да­ға­лап жүріңіз.

5. Балалар — байлығыңыз. Көп­те­ген әйелдер балаларын асы­ра ба­ға­лай­ды. Олар үшін өзін де кү­йе­уін де елеусіз қалдырады. Бұл үлкен қа­те­лік. Мұндай шексіз қамқорлық от­ба­сы­ның ыды­ра­уы­на әкеп соқтыруы мүмкін. Ба­ла – қуат көзіміз. Балалы болу, оны өсі­ру туралы дұрыс пікір қалыптастырып, олар­мен жақсы қарым-қатынас жасай ал­­сақ, олар сөзсіз – өмірдің ғажайыбы. Әр­қай­сы­сы­на күніне бір сағат ар­нап, өмірінің, мінезінің жақсы жаққа қарай өзгеруіне сеп­­ті­­гін тигізіңіз. Күнде ба­ла өміріндегі өз­ге­ріс­терді аңғарыңыз. Олармен кез кел­ген жерде уақытты кө­ңіл­ді өткізуге ты­ры­сы­ңыз.

6. Жігер күш – білімде. Білімге құштар болыңыз, барлығына қы­зы­ғу­шы­лық танытыңыз. Күнде әртүрлі нәр­се­мен шұғылданыңыз. Уақытты бос­қа өткізбеңіз. Кемінде бір бет кітап оқы­са­ңыз, ол күн бекер өткен жоқ. Сіздің па­ра­са­ты­ңыз – қуатыңыздың жоғарғы көрсеткіші.

7. Жаратушыдан. Ең күшті қуат кө­зі – әлемнің Жаратушысында. Әсі­ре­се Ислам дініндегі қағидалар өмір философиясына негізделген. Қа­зір психология «адам­мен жұмыс жасауға ой деңгейі мен фи­зио­ло­гия жеткіліксіз» деуде.  Бұл жерде жанды қозғау және қорғау керек. Ал, жан әрқашан келген жағына қарай талпынып тұрады. Яғни, өзінің Жаратушы иесіне.

Осы айтылған жеті негіз өзара үйлескенде өміріңіз де табиғаттың көркем келбетіндей ғажайып күйге еніп, шабыт көздері пайда болады. Осыларды игермей, алып күшке ие бола алмайсыз. Күш-қуаты тасып, бойында қаны қызып жүретін әйелдің қолынан көп нәрсе келеді. Ол жан-жағына нұрын шашып, жігерлендіріп, күйеуінің әрқашан шабыттандырушысы бола алады.

Зульфия Мұратқызы, 

лайф-коуч, сананы жаттықтырушы

психолог, «an-Nisa» Life Project жобасының авторы