Бала тәрбиесіОтбасы

Бала терісін суықтан қорғаңыз!

Бала терісі өте жұмсақ әрі тым нәзік. Сол себептен аяз бен желге қарсы тұруға қауқарсыз болып келеді. Үлкендерге қарағанда бала терісі жұқа, нәзік әрі сезімтал болғандықтан, қыстың ызғары мен желдің өті терінің зақымдануына әкеп соғады.

Суық ауа бала терісіне неге зиян?

Терінің құрғауы. Тері сау болуы әрі өзінің қорғаныш қызметін атқаруы үшін, ол өте құрғақ болмауы керек. Аязды күні ауаның дымқылдығы өте қатты болады. Жел, құрғақ ауа және төмен температура бала терісінің ашық жерлерін (бет, қол) құрғатып, қабыршақтандырып жібереді.

Жалпы ағзаның тоңазуы. Ағза тоңған кезде дененің беткі қабатындағы қан айналым жүйесі баяулайды. Осылайша ағза барлық күшін іш құрылыстың тоңуынан сақтауға жұмсайды. Соның арқасында дененің қорғанышсыз бөліктерін үсік шалып қалады. Үсік шалудың белгілері: қызару, тартылу, зардап шеккен дене мүшелерінің жансыздануы.

Суықтық аллергиясы – бұл иммундық реакцияның төмен ауа райы температурасынан пайда болатын аллергияның бір түрі. Бұл жағдайда суыққа шалдыққан денеде қызару, қышу, ісіну пайда болады. Суық кезде аллергия жиі кездеспейді, бірақ аллергия екенін сезе қалғанда, дәрігер кеңесіне жүгініңіз.   

Терінің зақымдану белгілері

Қыстыгүні қатты суықта көшеде жүру теріге төмендегідей зияндарын тигізеді:

  • Қызару
  • Қабыршықтану
  • Құрғау
  • Жарылу
  • Үсік шалу

Аталмыш жағдайлардың барлығы теріге зиян. Қыс мезгілі балаңызға қолайсыздық тудырмауы үшін, бұдан сақтану қажет.

Тері мәселесін тудырмау үшін не істеу керек?

Баланың қалыптағы терісінде оны зақымданудан сақтайтын сулы-майлы қабаты болады. Алайда, қолайсыз сыртқы факторлардың әсерінен бала терісі бүлініп, қорғанышсыз қалады. Бала терісі суық кездері зақымданбауы үшін оған ерекше күтім қажет.

1. Егер ауа райы -30C төмен болса сыртқа шығар алдында балаларға арналған крем жағыңыз. Егер крем құрамында вазелин мен ланолин болса, тіпті жақсы. Кремді далаға шығардан жарты сағат бұрын жағып қойсаңыз, толықтай сіңіп үлгереді.

2. Үйде ылғандандыратын балалар кремін пайдаланыңыз. Әсіресе балаңыздың терісі құрғақ болса бұл өте пайдалы. Ылғандандыратын крем сулы-майлы тері қабатын қалыпқа келтіріп отырады.

3. Балаңызға қолғап, мойын орағыш тағыңыз. Ол қол терісін, мойыны мен ернін суықтан қорғайды.

4. Балаңыз серуенге шығарда гигиеналық далапты қолданыңыз. Ызғарлы-желді кезеңде үнемі ерін терісі жарылып, қабыршықтанып кетеді. Далап нәзік бала ерініне қорғашын қабатын орнатады.

5. Балаңызды өте жұқа киіндірмеңіз, әйтпесе денесі тоңып, терісін үсік шалуы әбден мүмкін.

6. Соған қарамастан балаңызды тым қалың да киіндірмеңіз. Егер қабат-қабат киінсе, қимыл-қозғалыс кезінде терлеп кететін болады. Өз кезегінде бұл тершеңдікке әкеп соқтырады. Терлеудің белгілері пайда болса, арнайы ұнтақ себіңіз.

7. Түймедақ пен қырмызыгүл қайнатпасын пайдалануға болады. Түнге қарай бет және қол терісін осы шөптердің қайнатпасымен сүртуге болады. Ол қабынуға қарсы және тыныштандырғыш қасиетке ие.

8. Шөптен ыстық ванна жасаңыз. Аптасына бір рет балаңызды түймедақ, қырмызыгүл қайнатпаларынан жасалған ваннаға жатқызсаңыз көптегентері мәселелерінің алдын аласыз.

9. Бөлме ішіндегі ауаны ылғандырыңыз. Сырттағы суық ауа мен іштегі жылы ауа – бала терісіне зиян. Үйдегі ауаның дымқыл болуын қадағалаңыз, бұл балаңыздың терісіне қолайлы жайлылық тудырады.

10. Тамақтануына мән беріңіз. Қыста тері өте сезімтал болып кетеді. Өйткені, теріде дәрумендер мен басқа заттардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан балаңыздың немен тамақтанатынына аса көңіл бөліңіз. Әртүрлі дәрумендерге бай болғанын қадағалағаныңыз жөн.