Бала саулығыДенсаулық

Баладағы артық салмақ белгілері

Кейбір балалар құрдастарына қарағанда толық көрінеді. Мұндайда «бұл жеке ерекшелік пе, әлде семіздік пе?» деген сұрақ туындайды. Соңғы онжылдықта семіздік әлемдік індетке айналды. Ең өкініштісі, балалар аталмыш дерттің құрбанына айналуы.

ДДСҰ мәліметі бойынша, 2025 жылға қарай артық салмақтан зардап шегетін балалардың саны 70 миллионды құрайтын болады. Ғалымдар семіздікті ауыр дертке жатқызады. Сол себепті семіздік бойынша қауіп-қатер тобын анықтап, артық салмақтың алдын алу жолдарын ұсынамыз.

Артық салмаққа әкелетін факторлар

Артық салмақ бойынша қауіп-қатер тобына салмағы 4 кг-дан асып туылған, ай сайынғы салмағы нормадан жоғары болып табылатын жасанды тамақтандырудағы балалар жатады.

Егер ата-ана артық салмаққа шалдыққан болса, балаларға бұл бұзылыстың тұқым қуалаушылық арқылы берілу ықтималдығы 80%-ға тең. Егер ер мен әйелдің біреуі ғана артық салмақтан зардап шексе, балада семіздікке әкелу көрсеткіші 40-50%-ды құрайды. Десе де, тұқым қуалаушылық факторынан аса қорықпаған жөн. Себебі артық салмақты ата-ананың баласы дұрыс тамақтану режимін сақтап, физикалық белсенді болса – балаға артық салмақ қауіп төндірмейді. Керісінше, арық ата-аналардың баласы артық салмақ әрі аталған дертпен қатар жүретін аурулардың тұтас тобына ие болуы әбден мүмкін.

Салдары семіздік дертіне әкелетін қауіпті факторларға жүріс-тұрысы аз, тиімсіз тамақтану, ауқаттану режимінің болмауы, сондай-ақ fast-food өнімдерінде көп кездесетін «жылдам» көмірсулар мен майларды шамадан тыс тұтыну жатады.

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала ата-анасының әдеттері мен ұстанымдарын санасына сіңіретіні белгілі. Тіпті олардың тамақтану әдеті мен өмір салты да бала санасында жатталып қалады. Егер отбасында таңғы ас ішу әдетке айналмаса, бутербродтар мен жартылай фабрикаттар негізгі тағам болса, судың орнына қантты газдалған сусындар мен шырындар пайдаланылса, ал кешкі ас мол әрі жоғары калориялы тағамнан тұрса, бұл – баланың ата-анасының әдеттерін қайталағаны. Ал ол сөзсіз семіздікке әкеледі.

Артық салмақты болдырмаудың жолдары

Ата-ана үшін «дабыл қоңырауы» болып табылатын белгілер:

  • Балаңыз артық салмақ қосудан алда келеді. Оның тері астындағы май қабаты көбейген. Іште, жамбаста, кеудеде, арқада, бетте қатпарлар пайда болады. Қозғалыс белсенділігі төмендейді. Бала енжар болады, өзге құрдастарына қарағанда кеш жүре бастайды.
  • Есейген сайын бұл белгілерге физикалық күш түскенде ентігу де қосылады. Бала аулада достарымен бірлесіп ойнаудан қашады. Ал ұйықтап жатқан сәтінде балаңыздың тыныс алуының нашарлағанын немесе қорылдағанын естисіз. Артық салмақ майтабан мен дене қисаюына да ықпал етеді.
  • Есейген кезде қан қысымы жоғарылауы мүмкін. Тамақтанудың бұзылуы, күйзелістік белгілер пайда болады. 

Жасөспірімдегі мешкейлікті қалай анықтауға болады?

Бұл жағдайда тек дәрігер диагноз қойып, ем тағайындай алатынын есте ұстаңыз. Балаңыздың денсаулығына қатысты қандай да бір күдік туындаса, міндетті түрде педиатр қабылдауына жазылыңыз.

Семіздіктің алдын алу жолдары

Балаңызды артық салмақтан әрі оның зардаптарынан қорғауға көмектесетін кеңестер:

    • Сәби 6 айға дейін тек ана сүтімен қоректендіруі қажет.
    • Балаларды құрғақ қоспалармен тамақтандыру кезінде қант пен крахмал қосудан аулақ болған жөн.
    • Міндетті түрде таңғы ас ішу керек. Таңғы ас кезінде адамға қажетті қоректер элементі болуы міндетті.
    • Егер бала мектепке барса, оны таңғы аспен ғана емес, сонымен қатар үзіліс кезінде тұтынатын пайдалы жеңіл тағамдармен (бұл көкөністер немесе жемістер болуы мүмкін) қамтамасыз ету ұсынылады.
    • Отбасында құрамында аз микроэлементтер бар жоғары калориялы тағамдарды (мысалы, дайын тіскебасарлар) тұтынуды шектеу қажет. Ал тәттілер мен тоқаштарды жаңа піскен жемістер мен көкөністерге ауыстыру керек.
    • Балаңызды теледидар мен компьютердің алдында тамақтандырмаңыз. Салдары шамадан тыс тамақтануға әкеліп соғады.
    • Баланы тағамды тауысып жеуге мәжбүрлеуге болмайды.
    • Тамақ сыйға айналмауы керек. Мысалы, баланы тыныштандыру мақсатында қандай да бір тәттілерді ұсынатын ата-аналарды көптеп кездестіруге болады. Олар бұл әрекетінің артық салмаққа әкелетін алғашқы қадам екендігіне бас қатырмайды.
    • Бес жастан асқан балаға күнделікті 60 минут физикалық белсенділік ұсынылады.