СұқбатСырласу қонағы

Балжан Бидаш: «Отбасы үшін өнерді тастауым мүмкін»

Ерекше талант иесі көп, бірақ еңбек етпесең бәрі желге кетеді. Сондықтан үнемі алға қарай қозғалыс керек. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз - еңбекқорлықпен, қайсар мінезбен бірге туған Балжан Бидаш.

 Қазір жауапкершілігім жоғары

Бұрын сахнаға екі қызбен бірге бір әнді айтып шығатын едік. Ал қазір бар жауапкершілік, бүкіл халықтың көзі менде болады. Әрине, ол оңай емес! Бірақ мен «KeshYou» тобына келмес бұрын жеке ән айтып жүргенмін, яғни тәжірибем бар әншімін. Оны топта ән айтып жүрегенімде директорым да байқап, «Сен бөлек болып тұрасың, топқа кір» деп ескертіп жүретін. Бастапқы жылдары топқа үйренісе алмай жүргенім де сол себептен еді, ал кейін топта қыздар өзгере берген соң жауапкершіліктің көбі маған артылды. Сондықтан оған жаныммен сіңіп кеттім. Ал қиыншылығына келер болсақ, барлық жұмысына, мысалы ән таңдау, бейнебаян түсіру, оның ұсақ-түйек жұмыстарына дейін өзің жүгіресің. Бұрын ойым бос жүретін сияқты еді, қазір әр шаруаны бір ойлап жүретін болдым. Әнді жаздыру, өңдеу де оңай емес, кейде ән өңдеушілер уақытында аяқтай алмай әндеріміз студияда ұзақ жатып қалатын кездері де бар. Сондай кезде энергияңды алады.

Хит әнің болса, конкурсқа қатысудың қажеті жоқ

«Бірінші шетелді мойындату» деген түсінік Димаштан кейін шыққан шығар?! Димаш қарапайым халыққа нағыз талант қандай болуы керек, дауыс, диапазон деген не, ән қалай орындалуы керек деген ұғымды түсіндіріп берген сияқты. Яғни Димаш талантты тану, бағалау дегенді үйретті. Бірақ қазір конкурсқа барып, өзіңді таныту да оңай емес. Дәл қазір алдымда нақты шешіліп, дайындалып жатқан конкурс жоқ. Бірақ ойымда бар, өзімді әлі де мықты әнші ретінде көрсеткім, дамытқым келеді. Дегенмен хит әндерің болса, конкурсқа барудың қажеті болмай қалады екен (күліп). Оны өзіңіз де көріп жүрсіз ғой. Десе де, мен кішкентайымнан конкурсқа қатысып өскен қызбын, сондықтан маған байқау, жарыс деген дүниелер жат емес.

Қазір менің басым бос емес

Бірде дүкен аралап жүргенімде продюсер, «Екі жұлдыз» жобасының режиссері Алтынбек Рахметов ағамыз хабарласып, шақырды. Ұсынысты қабыл алдым. Олар Әділбек Ниязымбетовпен ән айтасың деді, ол кісінің қазақтың намысын қорғап жүрген спортшы екенін білетінмін. Бірақ өмірде жақын таныс емеспіз. Бұл жерде жаңа қырымды ашып жатырмын деуге келмейді. Оның үстіне жұбым спортшы болғандықтан, сахнадан алыс адам, ән айта алмайды. Тіпті микрофонды осы жоба барысында бірінші рет ұстады. Иә, Әділбектің басы бос, жақсы жігіт. Біздің халық алып-қашпа әңгімелерді жақсы шығарады ғой (күліп). Әсіресе, топтан кеткелі қандай жігітпен суретке түссем, сонымен жұптастырып қояды. Қазір менің басым бос емес, сондықтан ештеңе айта алмаймын.

 Спорттан мүлде алыспын

Ал қайсарлық мінез екі ұлдың ортасында жалғыз қыз болып өскенімнен шығар?! Оның үстіне жауапкершілігім жоғары. Әрине, мұндай мінез өмірде кедергісін тигізуі мүмкін. Бірақ өсе келе кеңірек ойланып, кемшіліктеріңді түзеуге тырысасың. Жеке өмірде еріңнің алдына шыға бермей, әлсіздікті де көрсетіп тұру керек екенін ұғынасың.

Әжем мен жасаған тамақты ұнататын

Өнерге ден қойғалы үй шауарсынан алыстап кеттім. Бірақ кішкентай кезімде, ауылда жүргенде шаруаға пысық қыз болдым. Тіпті есік алдынды кірпіш құйып, тікен де шапқанмын. Тағы бір есімде қалғаны бесінші сыныптан бастап нан пісіріп, қамыр жая алатынмын. Әжем марқұм менің тамағымды жақсы көретін еді. Сондықтан олар маған жат емес. Ал өнерді қиюым таңдаған адамыма байланысты болатындай. Уақыт көрсетеді ғой.