ДенсаулықСаулық үшін

Байқалмайтын 5 белгі: Дертті  дер кезінде анықтау үшін мұны әрқайсымыз білуіміз керек.

Статистика бойынша, әрбір сегізінші әйел сүт безі обырына шалдығады екен. Қаншалықты ерте анықтаса, жаман аурудан айығу соншалықты сәтті болмақ. Біз омырау формасының өзгеруі - бұл дерттің басты белгісі деп білеміз. Сондықтан, басқа алғашқы белгілеріне мән бермейміз. Елеусіз дүниені ескере жүрсек, денсаулығымызды ғана емес, сонымен қатар тұтас өмірімізді сақтап қалатынымызды ұмытпайық!

Біз әйелдер қандай белгілерге мән бермей, ауруды асқындырып алатын теріп жаздық. Егер аталғандардың бірін өзіңізден байқасаңыз, дереу дәрігерге жүгінгеніңіз жөн.

Жөтел

Салқын тиюге немесе тұмауға қатысы жоқ, емдесеңіз де жазылмай қойған  жөтел обырдың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Кейде ісік өкпені қысып, жөтелдің пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, өте ауыр жағдайда жөтел метазтазаға жол береді. Себепсіз жөтеліп жүрсеңіз, уақыт жоғалтпай дәрігерге көріну керек.

Ішек жұмысының бұзылуы

Ешқандай себепсіз, ұзақ уақыт бойы іштің қатып қалуы немесе іштің өтуі – омырау қатерлі ісігінің ерте белгілерінің бірі. Ішек жолдарыңыздың жұмысы бұзылып, алайда гастроэнтеролог дәрігеріңіз себебін анықтай алмаса, кеудеңізді тексертіңіз. Сақтықта қорлық жоқ!

Лимфа түйіндерінің қабынуы

Қолтық асты лимфалары қабынып немесе жаңадан өскін пайда болған жағдайда УДЗ-ге түсіп, маммологке көріну керек. Біздің омырау тініміз қолтықпен жалғасып жатыр. Денеңіздің осы тұсынан өзгеріс байқасаңыз, дәрігермен кеңескеніңіз дұрыс.

Қышу

Әсіресе, омырау ұшының үнемі қышуы кеуде аумағына артық сұйықтықтың жиналып қалуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл кей жағдайда жаңадан қан жүретін тамырлардың өсуіне әсер етеді. Мұндай тамырлар ісіктің үлкеюіне жағдай жасайды. Міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Арқаның ауруы

Әйел тынықса да, массаж жасап, керілсе де арқаның ауырғаны басылмайтын кездер болады. Міне, бұл да  сүт безі обырының алғашқы белгілерінің бірі. Ісік жүйке мен сіңірге салмақ түсіргендіктен ауырсыну белең алады. Арқаңыз маза бермей жүрсе, бер кезінде маманға жүгінгеніңіз жөн.