ДенсаулықЖүктілік

Бедеуліктің сіз білмеген 6 белгісі

162Қаралымдар

Емді неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым ауруды ерте жеңесіз! Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мәліметі бойынша ерлер мен әйелдердің шамамен 5%-ы бедеу болып келеді. Өкініштісі, кейінгі жылдары 20 жасар жұптар арасында да бедеулік жиі кездеседі.

Жүктілік мүмкіндігі 40 жасқа қарай төмендегенімен, әйел алғашқы баласын 40-45 жаста да туа алады (бұл жаста – мұздатылған ұрық жұмыртқасы болған жағдайда). Бірақ сіз өз дертіңіз жайында қаншалықты ерте білсеңіз, соншалықты емдеу ықтималдығы жоғары болады. Бедеулікке әкелетін фертильдігініздің (құнарлылығыңыздың) нашар екенін көрсететін бірнеше белгі бар. Назар аударыңыз!

Тұрақсыз етеккір циклі

Етеккір циклінің орташа ұзақтығы 28 күнді құрайтындығы белгілі. Дәрігерлер егер етеккірдің басталуы бір-екі күнге ауысса, ал жалпы уақыты 21-ден 35 күн аралығын қамтыса, алаңдаудың қажеті жоқ екендігін айтады. Бірақ цикліңіз тұрақсыз болса және етеккірдің келуін алдын ала болжай алмайтын болсаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн. Себебі, бұл овуляция кезеңін немесе жұмыртқа жасушаларының ықтимал проблемаларын (бедеуліктің барлық жағдайларының 25%-ын құрайды), сондай-ақ ұрықталуға кедергі жасайтын поликистозды аналық без синдромы болуы мүмкін екендігін көрсетеді.

Етеккірдің көп болуы

Шамадан тыс немесе ұзаққа созылған (қан кету бес-жеті күннен асқан жағдайда) етеккір құнарлылық проблемаларының белгісі болуы мүмкін. Қалқанша безі, бүйрек аурулары және белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдау (мысалы, қабынуға қарсы дәрілер) қан кетуді одан сайын күшейтуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл аналық бездің, жатыр миомасының және қатерсіз ісіктердің кейбір түрлерінен де болуы мүмкін. Ал осы бұзылулар, өкінішке қарай, жүктіліктің басталуына кедергі келтіреді. Сондықтан қан кету тым көп немесе ұзаққа созылса, міндетті түрде дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.

Етекір кезіндегі ауырсыну

Көп әйелдер етеккір кезінде азды-көпті ауырсынады. Бірақ ауырсыну тым күшейсе, жамбас аймағынан іштің төменгі жағына, тіпті төменгі арқаға ауысса, бұл эндометриоздың белгісі болуы мүмкін: яғни жатырдың ішкі бетін түзетін тіндер аналық жасушаға, ішекке немесе кіші жамбастың басқа мүшелеріне тарайды.

Эндометриоз сперматозоидтардың аналық жасушаға енуіне жол бермейтін тыртықтардың пайда болуына, сондай-ақ ұрықтандырылған жасушаның жатырдағы имплантациясын бұзуға әкеп соғады. Эндометриозбен ауыратын әйелдердің үштен бірі жүктілік кезінде қиындықтарға ұшырайды, сол себепті бойыңызда аталған аурудың белгілерін байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Безеулер

Безеу ұзаққа созылған күйзелістен, нақты бір дәрі-дәрмектерді қабылдаудан, гормондардың ауытқуынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, әйел ағзасындағы «еркек гормоны» андроген көп бөлінетін аналық жасушаның поликистозы басталуымен де байланысты болуы ықтимал. Жүктілік қабілетіңізге елеулі әсер ететін жағдайды болдырмау үшін гинеколог-эндокринологтың көмегіне жүгініңіз.

Еркектердің үлкейген ұмасы

Бедеуліктің әрбір үшінші жағдайына ерлер жауапты. Сол себепті алты ай ішінде жүкті болу мүмкін болмаса, жұптың екеуі де дәрігерге баруы қажет. Бұған себеп – варикоцеле, яғни ұрықтың сперматикалық сымдарын қамтамасыз ететін тамырлар шамадан тыс кеңейіп, сперматозоидтардың пайда болуына жол бермейді. Оның бірден-бір белгісі – кеңейтілген, ісінген тамырлардың пайда болуы (аяқтардағы варикозды тамырларға ұқсайды) және ұма көлемінің ұлғаюы. Бұл аурудың жарасы жеңіл, оңай емделеді, тек дәрігерге уақытында қаралу маңызды.

Еркектің «құрғақ» тояттауы

Бедеулікке алып келетін ерлердегі тағы бір мәселе – ретроградтық эякуляция жүретін «құрғақ» оргазмдер. Мұндайда сперма қалыпты эякуляция кезіндегідей сыртқа шықпайды, қайтадан қуыққа түседі. Ретроградтық эякуляция себептері:

диабет;

жұлын жарақаттары;

қуыққа немесе зәр шығаруға жасалған операциялар;

белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдау.

Ауруды асқындырмай, дәрігерге уақытында қаралуды ұмытпау керек!