Cән мен сұлулықБет күтімі

Бет күтіміне арналған маскалар

1. Қарбызбен нәрлендір
Бұл масканы қарбыздың науқаны аяқталғанша, аптасына екі рет жасап үлгерейік. Себебі ол жемістің құрамында пайдалы дәрумендер өте көп. Қарбызды дәнінен тазалап, өзін майдалап бетке жағамыз. 10-15 минуттан соң, бетке зәйтүн майын жағамыз. Осыдан кейін бетті түймедақ гүлінің қайнатпасымен сүртіп алу керек. 20 рет жасағаннан кейін нәтижеге қол жеткізесіз.

2. Қызыл бүрген
Терінің ескіріп кетуінен сақтайтын маска жасап көрейік. Бір стақан қызыл бүргенді қайнақ сумен жуып, оны блендерде еземіз. Ас қасық жүгері крахмалын қосып араластырамыз. Бетті тазалап жуып, масканы жағамыз. 20 минуттан кейін бетті жуу керек. Масканың әсерлі болуы үшін Е дәруменін бет тазалағаннан кейін жағуға болады.

 

3. Шырғанақ маскасы
Бұл масканы терісі майлы бойжеткендер жасағаны дұрыс.
1 тостаған шырғанақты майдалап, оны ірімшікпен араластырамыз. Егер теріңіз құрғақ болса, қаймақ араластырса болады. 15-20 минуттан кейін бетті жуып тастайсыз. Қарапайым әрі пайдалы.

 

4. Шабдалыдан жасап көрейік
Бізге 1 ас қасық бал, жарты қасық сұлы жармасы және 3 тал шабдалы қажет болады. Шабдалының қабығын аршып, дәнегінен ажыратып, еземіз. Бал мен жарманы араластамыз да, бетке 10 минутқа жағамыз. Уақыт өткен соң, салқын сумен жуамыз. Бет жылтырлап, бітеліп қалған тесіктердің ашылып, тыныс алуына көмектеседі.

 

5. Жүзім маскасы
Жүзімді қабығы мен дәнегінен тазалаймыз да, езіп бетке жағамыз. 15-20 минуттан кейін бетті минералы сумен жуу керек. Егер теріңіз құрғақ болса, маскадан кейін крем жағыңыз. 2 айдан кейін маска нәтижесін байқатады.