Cән мен сұлулықБет күтімі

Бет терісіне қажетті қоспалар

Табиғат берген көптеген заттар терi үшiн аса пайдалы. Бірақ, қандай қоспа қай терi түрiне тиiмдi екендiгiн бiлемiз бе?

Зығыр майы – құрғақ тері үшін

Зығыр – тері мен шашқа қажетті май қышқылдарына бай, соның iшiнде омега-3, 6, 9-дың мол органикалык көзі. Сондай-ак, жүрек жұмысына әсер етiп, қабынуға қарсы тұрады.

Сарапшылар пiкiрi: Сынғыш әрi әлсiз тырнақтар, құрғаған терi, өңi кеткен шаш – мұның барлығы терi жасушаларында ылғалды сақтайтын және оны тығыздайтын май қышқылдарының ағзаға жетiспеушiлiгiн бiлдiредi. Зығыр майы ылғалдағыш, жұмсартқыш және шаштарды жылтыр да мықты ететiн табиғи өнім.

Мырыш – сезiмтал терi үшiн

Мырыш кейбiр терi ауруларына ем, әcipece безеу (акне) мен дерматитке және иммунитет көтеруге көмектеседі.

Сарапшылар пiкiрi: Дерматолог мамандар гормон деңгейiнiң бұзылуынан пайда болатын терi ауруларын болса ас мәзiрге көбiнесе цинкi бар тағамдарды қосуға кеңес береді. Себебі ағзада айтулы металл жетіспеген жағдайда безеу, псориаз пайда болып, қайызғақ пен шаш түсуге әкеліп соғады. Оған қоса циник қабынуға әсер ететiн терi майларының белiнуiн азайтады.

С дәрумені – босаңсыған тері үшін

С дәрумені суық тиюмен күресетiн және жараны жазатын мықты антиоксидант.

Сарапшылар пікірі:  С дәруменiнсiз ағза коллаген бөле алмайды. Яғни, денеде жаңа жасушаларды жасап шығатын ақуыз деңгейі болмайды. Айтулы дәруменнің ағзаға жеткiлiксiздiгiн уақытынан ерте қартаю мен терiнiң салбырауы, жараның тез жазылмауы және дененiң оңай көгеруiнен білуге болады.

Е дәрумені — тері тесіктері мен тыртықтарды кішірейту үшін

Айтулы дәрумен жүрек, терi, шаш, тырнақ саулығына аса пайдалы.

Сарапшылар пiкiрi: Е дәрумені терiнi ластанудан әрi ультракүлгiн радиациядан қорғайды. Бiле бiлсек, терi ластануы мен ультракүлгiн радиация терiнi уақытынан ерте қартайтып, тыртықтың жазылуын қиындатады. Е дәруменi бадамда, зәйтүн майында, фундукта және шпинатта көптеп табылады.

А дәрумені – тітіркенген терi үшiн

А дәруменi терi жасушаларының регенерациясы мен көру қабiлетiн жақсартады.

Сарапшылар пiкiрi:  Айтулы дәруменге өрiк және манго бай. Ол тiтiркенген терiнi жұмсартып, гиперкератоз ауруында, яғни, шынтақтағы, тiзедегi, табандағы қатқан терiнi жұмсартуға көмектеседі.

Балық майы – безеуге бейім терi үшiн

Айтулы дәрумен теңiз омега-3 қышқылынан тұрады және қабынуға қарсы тұрып, терi қызаруларын басады, буын қабынуларында көмектеседі.

Сарапшылар пiкiрi: Зығыр майы іспеттес балық майы да терiнi, тырнақты, шашты қатайтып, гормон деңгейін қалыпқа келтіреді және етеккір кезiндегi терiге шығатын безеулердi болдырмайды.

Ұқсас мақалалар:

Екпелі филлер: Бет терісін жасарту жолы