ДенсаулықЖүктілік

Босанған ана туралы аңыз бен ақиқат

Оқырмандарымыздың дені аналар болғандықтан, сіздерге өте құнды ақпарат ұсынуды жөн көрдік:

284Қаралымдар

АҢЫЗ

Халық арасында “Жаңа туған әйелге 40 күн бойы шомылуға болмайды” деп босанған әйелді шаршаған үстіне шаршататын “біртүрлі”түсініктер бар. Суға түсу туралы айта кетейік: шомылуға рұқсат. Тек жеңіл душ қабылдуы тиіс. Монша, саунаға баруға болмайды.

Бірден құрсақты тарту керек. Әйтпесе, ішің қалып қояды дегенді жиі естіген шығарсыз. Бандажды босана салып тартуға бол-май-ды. Себебі, босанғаннан кейін жатырдың табиғи жолмен жиырылу процесі басталады.

Дұрыс терлемеген әйелдің бетінде қара дақтар қалып қояды. Қара дақ азғада фолий қышқылының жетіспеуінен шығады. Босанғаннан кейін ағзадағы өзгерістер қалыпқа келсе, дақ та кетеді. Ал, терлеу іштегі зиянды заттардың сыртқа шығуына көмектеседі.

АҚИҚАТ

Омырауды ысқыламау керек, косметика қолдандау керек. Иә, халық арасындағы бұл сөздің жаны бар. Себебі бұлар омырауға зақым келтіруі мүмкін. Душқа түскенде омырауға ыстық не салқын су тигізбеу керек. Бала еметіндіктен крем жағудың да қажеті жоқ. Омыраудан басқа бөлігіне жағуға рұқсат.

Баланы жиі емізу ананың денсаулығына пайдалы. Баланы емізгенде ананың бойында окситоцин гормоны бөлінеді. Бұл жатырдың жиырылуына көмектеседі. .

АЛ, ӨЗІҢІЗ БОСАНҒАН КЕЗДЕ НЕ ІСТЕП ЕДІҢІЗ? 40 КҮН ЖУЫНБА ДЕГЕН ҮЛКЕНДЕРДІҢ СӨЗІН ТЫҢДАДЫҢЫЗ БА? ҚАНДАЙ АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТТЫ БІЛЕСІЗ?