Cән мен сұлулық

Боялған шашты қалай күту керек?

Шашты бояған соң нейтралды әсері бар pH жұмсақ заттарды пайдаланған жөн, олар пигментті шайып тастамай, реңді ұзақ сақтайды.

Жаңа ережелер

Шашқа күтім жүйесі үлкен өзгеріске ұшырады. Солардың жаңа 3 тәсілі шашыңыздың тез арада  қалпына келуіне септігін тигізеді.

1.Маска мен кондиционер бір-бірін алмастыра алмайды. Біріншісі қоректік жұмыс істесе, екіншісі түбіріне күтім жасап, кератин қабыршығының бітіп кетуіне ықпал етеді. Егер масканы артынан кондиционер пайдаланбай жуып тастасаңыз, шашыңыз қаншалықты ішінен ылғалданып, нәрленгенімен, бәрібір қатайып көмескіленіп кетеді. Сондықтан терең ішкі күтімнен кейін, сырттай шаштың үстіне жасалатын күтімге уақыт бөлуге ерінбеңіз.

2.Әр мерзімге әр түрлі күтім. Күндіз кондиционерлер мен UV-фильтрлі стайл-бальзамдар тиімді болса, кешке  арнайы түнгі маскалар мен сарысулардың қарқынды көмегіне жүгінген дұрыс. Таң атқанда тіпті әлсіз бұрымдардың өзі жылтырап, көлемденіп, қатайып шыға келеді.

3.Пайдалы заттардың бірі – Стайлинг.  Заманауи шаш жөндеуіштің құрамында ылғалдандыратын сығындылар, аминоқышқылдар, ағуыздар, дәрумендер, антиоксиданттар және UV-фильтрлар бар.