Бала тәрбиесіОтбасыТест

Cіз қандай ата-анасыз? Тесттен өтіп, біліңіз!

Әлбетте, сіздердің қандай ата-ана екендеріңізді өздеріңізден артық ешкім білмейді. Дегенмен, тест нәтижесі ойландырмай қоймасы анық. Бұл тестті жұбайыңыз екеуіңіз бірлесе отырып жасауға кеңес береміз.

1.07K (1000)Қаралымдар

Картинки по запросу мать с ребенкомПерзентіңізбен қарым-қатынас кезінде мына сөйлемдердің қайсысын жиі қолданасыз?

1. Саған қанша рет қайталауым керек?
(2 ұпай)

2. Маған ақылыңды айтшы. (1 ұпай)

3. Мен өзіңсіз не істер едім? (1 ұпай)

4. Кімге тартқансың өзің? (2 ұпай)

5. Сенің достарың қандай жақсы балалар?! (1 ұпай)

6. Кімге ұқсап туғансың? (2 ұпай)

7. Мен сенің жасымда… (2 ұпай)

8. Сен менің тірегімсің, көмекшімсің. (1 ұпай)

9. Сенің достарың қандай балалар өзі?
(2 ұпай)

10. Сен осы не ойлап жүрсің? (2 ұпай)

11. Сен менің ақылшымсың. (1 ұпай)

12. Балаларым, сендер қалай ойлайсыңдар?
(1 ұпай)

13. Жұрттың баласы… (2 ұпай)

14. Осыны ойлап тапқан басыңнан айналдым! (1 ұпай)Картинки по запросу дети

7–8 ұпай
Балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді тілсіз түсінесіздер. Ол әдепті әрі сізді сыйлайды. Сіздердің арақатынастарыңыз тұлғаның толық қалыптасуына мүмкіндік береді.

9–10 ұпай
Қарым-қатынастарыңыз бірізді емес. Иә, балаңыз сізді сыйлайды. Бірақ үнемі ағынан жарылып, сырын ақтара бермейді. Оның өсіп-жетілуіне кездейсоқ жағдайлар әсер етіп, соның ықпалында кетіп қалуы мүмкін. Сәбиіңізбен барынша ашық сөйлесіңіз.

11–14 ұпай
Бауыр етіңізбен қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз. Балаңызға сенім артпайсыз, басына іс түскенде қолдамайсыз. Бұл араларыңыздың сууына, алшақтауына, ұрыс-керістің пайда болуына алып келеді. Осылайша тұлғаның қалыптасу жолында үлкен кедергі пайда болмақ.