News

Алматыда сұлулық көрмесі өтеді

8 -10 тамызда Алматы қаласында  CENTRAL ASIA BEAUTY & COSMETOLOGY EXPO (CABEAUTY) Халықаралық сұлулық, косметика, табиғи өнімдер мен косметология көрмесі өтеді.

Көрмеге 15 елден келген 150 аса компания қатысады.  Қатысушы мемлекеттер ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Үндістан, Өзбекстан, Корея, Пәкістан, Болгария, Египет, Индонехия, Тайланд, Иордания және тағы да басқасы бар.

CENTRAL ASIA BEAUTY EXPO-2019 көрмесіне қатысушылардың аясы өте кең. Олардың қатарында қазақстандық және халықаралық танымал брендтермен қатар, сұлулық нарығында жаңадан пайда болған қызметтер мен тауарлар да бар. Компаниялар сұлулық салондарына арналған заманауи технологияларды, жабдықтарды, материалдар мен құралдарды, шаш, тырнаққа арналған кәсіби құралдар мен материалдарды, бет пен дене күтіміне арналған инновациялық препараттарды, кірпік жабыстыруға және қас күтімі үшін пайдаланатын өнімдерді, декотарив, табиғи косметикалар мен иіс суларды ұсынады.

image description

Көрменің Іскерлік бағдарламасының аясында бьюти-индустрияның жетекші шеберлері өздерінің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, шара кезінде сұлулық индустриясының барлық саласын қамтитын тренинг, семинар және шеберлік сыныптарын өткізеді:

  • Үш күнге созылатын көрме кезінде шаштараз шеберлігі, тырнақ, вижаз дизайны, кірпік жабыстыру, қас үлгісін жасау, татуаж, депиляция және косметология бойынша түрлі презентациялар мен шеберлік сыныптары өтеді. Сондай-ақ, лаш-мейкердер байқауы өтеді.
  • 8 тамыз күні конференция залында сұлулық салондарының басшыларына арналған «Толыққанды әкімші» атты бағдарлама өтеді. Мұнда салон әкімшілерінің стратегиялық білімін жетілдіретін ақпараттар айтылады. 9 тамызда косметологтар білім алып, ресейлік үздік дәріскерлер өзекті тақырыптарды қозғайды.
  • Көрме аясында шаштараз өнері, тырнақ эстетикасы, макияж, боди-арт, қас үлгісін жасау, кірпік жабыстыру және шугаринг бойынша Қазақстанның V Ашық Чемпионаты өтеді.

Ұйымдастырушылар нарықта енді пайда болып жатқан өнімдермен танысып, образдарды тегін сынамадан өткізуге және білікті мамандардан кеңес алуға 5000 аса адам келеді деп күтуде.

Өзіңіз үшін жаңалыққа толы болатын іс шараға қатысушы немесе көрермен ретінде баруға шақырамыз!

 Central Asia Beauty Expo көрмесі 08-10 тамыз «Атакент» ХКО, 10 павильонында өтеді.

Мекенжай:  Тимирязев көшесі,  42

Жұмыс уақыты 10:00 бастап 18:00 дейін

Көрермендер үшін кіру тегін!