Бала саулығыДенсаулық

Короновирус асқынуы бүлдіршіндердің ағзасына қандай зиян келтіреді?

«Мульти- факторлы қабыну синдромы» мен қызамықты шатастырмайық

COVID-19 індетімен ауырған балаларда түрлі асқынулар пайда болады. Соның бірі, симптомдары бойынша, қызамыққа ұқсағандықтан (скорлотина) кейбір дәрігерлер еш саспастан қызамықтан емдейді. Ресейлік дәрігерлер «ол дұрыс емес» деп дабыл қағып отыр. Екі жылдан бері әлемді улаған тәжтажал биыл балалар ағзасына да шабуыл жасай бастады.

Коронавирус алғаш пайда болған кезде ДДСҰ «балалар бұл дертке шалдықпайды» деп ата-аналарды тыныштандырған болатын. Бірақ биыл мәселе біз ойлағаннан да күрделі болып шықты. Балалар ересектер сияқты бұл аурумен жиі ауырады. Бірақ көбінесе індет балаларда белгі- нышансыз, жасырын жағдайда өтеді.

Есесіне, балалар мен жасөспірімдер аурудың асқынуына бейім келеді. Балалардағы мультижүйелік қабыну синдромы (БMСҚС) деп аталатын бұл жағдай сирек кездескенімен, ол жөнінде білу маңызды және қажет нәрсе. Мультижүйелік қабыну синдромы кезінде баланың дене қызуы көтеріледі, кейде терісі бөртіп кетеді, осыған қарап ата-аналар оны қызамықпен шатастырып, дұрыс емдемеуі мүмкін немесе баланы дер кезінде дәрігерге апарып қаратпай жатады. Балалар мен жасөспірімдердегі мультифакторлы қабыну синдромы Мультифакторлы қабыну синдромына шалдыққан балалар мен жасөспірімдер ағзасы әдетте иммундық жауап береді. Ол күретамырлар мен қан тамырларға әсер етіп, жүйелі қабынуға әкеп соқтырады,нәтижесінде жүрек пен басқа мүшелерге зақым
келтіруі мүмкін.

БMСҚС өте сирек кездеседі қолда бар мәліметтерге сәйкес, ол айқын белгілері бар коронавирустық
инфекциямен ауырған балалардың 2%-ының бойында кездескен. Балаларда бұл ауру жасырын түрде жүруінің жиілігін ескере отырып, коронавирустан жазылған науқастардың бойындағы мұндай асқынулардың жиілігін анықтау пайыздың үлестік мөлшерлерімен есептеліп шығарылуы керек. Сондықтан бұл жерде нақты цифрларды айту қиын.

Fever, measuring temperature for little boy

Мультифакторлы қабыну синдромының белгілері қандай?
БMСҚС белгілері Кавасаки ауруына ұқсас, бұл қан тамырларының қабынуымен және ағза уланған кезде болатын синдроммен сипатталады. Белгілері (олардың кейбіреулері ғана байқалуы мүмкін:

  •  3 күннен асатын және көтеріле беретін жоғары дене қызуы
  •  іштің қатты ауыруы,құсу немесе диарея
  • көздің «қанталап» кетуі, іріңсіз конъюнктивит
  •  тері бөртпесі
  •  тері түсінің өзгеруі,оның ішінде бозарып, дақ басуы немесе көгеруі мүмкін
  •  тамақты немесе сусынды қиналып ішу
  •  тыныс алудың қиындауы немесе жиілеуі
  •  кеудедегі ауырсыну немесе жүрек қағысының жиілігі
  •  ақыл-естен шатасу, ашуланшақтық немесе селсоқтық (апатия)

БMСҚС емделе ме?
Әрине. Емдеп жазуға болады. Диагноз қойып, қабыну үдерістерінің басқа себептерін (мысалы, Кавасаки ауруы және улану шогы белгілерін тудырған бактериялық инфекцияны) кетіргеннен кейін емделеді. Әдетте терапия үшін иммуноглобулиндер мен кортикостероидтар қолданылады.

Мультифакторлы қабыну синдромының салдары қандай?
Ұзақ мерзімді салдары әлі белгісіз. Бала сауығып шыққаннан кейін кардиолог пен ревматологтың бақылауында болуы тиіс.