ДенсаулықСаулық үшін

Деніңіз сау болсын десеңіз!

нтибиотикке асықпаңыз!   Бойыңыздағы науқастың  негізгі қоздырушылары бактерия емес, вирустар. Ал антибиотиктер көбінде вирустарға дәрменсіз. Сондықтан  диагнозы анықталмай жатқан кезде, ыстық температура мен қатты ауыруды басу үшін тыныс мүшелерін теңіз тұзымен  шайғанда жеткілікті болады.

705Қаралымдар

Бактериалы инфекция жұққан кезде:

  • 10 күннен астам ауырасыз
  • Жоғары температура (39°С шамасында) 4 күннен артық болады
  • Сіз уақытша жақсарғаныңызбен, ауру қайта оралады.

Орнымен ашуланған да дұрыс

Қонақтар күтіп, мерекелік дастарқан жасап жатқан сәттерде жақындарыңызбен ұрысып қалатын сәттер  аз емес. Бірақ артынша бірден  барлық мәселені шешіп тастаған дұрыс, негативті эмоциялардың болуы өміріңізді қысқарта түседі. Мичиган университетіндегі қоғамдық денсаулық Институтының 17 жылдық зерттеулері осындай  қорытынды шығарды.

Өз өкпе-реніштерін іште сақтап, ашуланған кезде сабырлымын деп тұратын адамдарда кенеттен өлу қаупі  эмоциясына ерік беретін адамдарға қарағанда екі есе көбірек.  Өкпе –реніш тура мағынасында организмді іштен «жегідей жеп», стресс гормонарының деңгейін жоғарлатады. Ал олар бірінші кезекте ағзадағы әлсіз тұстарға әсер етіп, ауру пайда болу себебін екі есе арттырады.  Егер сізді ренжіткендігін сезсеңіз, өз сезімдеріңізді жасырудың қажеті жоқ.  Негативті эмоцияңыздан арылту денсаулығыңызды сақтауға  мүмкіндік береді. Бірақ, есте сақтаңыз  іштегі өкпе-ренішті сыртқа шығару дегеніміз айқайлап ұрысу емес.

Неге әйелдерге  кітап оқуға арналған көзілдіріктер көбірек қажет?  Барлық мәселе әйелдердің ерлерге  қарағанда кітап-газеттерді жақынырақ ұстап оқуында.  Сондықтан да жасы ұлғайған сайын оларды көздің көру қабілеті де нашарлай түседі.

Тұмауға қарсы вакцина құдіреті

Сіз білесіз бе, ресми мәліметтерге сүйенсек тұмауға қарсы вакцинация жасатқан жандар суық тиіп, қатты қабынудан аз зардап шегеді екен. Көбіне екпе жасатқандар қатты тұмау кезінде үстіртін ғана ауырып, тез жазылып кететін көрінеді. Сонымен егер барлық тұрғындар тұмауға қарсы екпе жасатса:

  • Орташа есеппен 60%-ға пневмания ауруымен аурухана төсегіне таңылғандар азаяр еді.
  • Балаларда 45% -ға құлақ қабынуы төмендейді.
  • 20%-ға созылмалы бронхит ауруы жойылар еді,- дейді мамандар. Сондықтан күздің ортаңғы айларында екпе жасап үлгергендер биылғы қыста тұмаудан жеңіл құтылады дей беріңіз.