ДенсаулықСаулық үшін

Денсаулығыққа пайдалы қулықтар

Құшақ күші

Адамдар құшақтасу арқылы бір-біріне бақыт пен шаттық сыйлайды. Бұл әрекеттің пайдалылығын психологтар мен дәрігерлер де дәлелдеген. Тіпті, Ежелгі Шығыста ол емдік қасиетке ие болған. Адамдар бір-бірімен шынайы құшақтасқанда екеуара иммунитет көтеріліп, жүйке жүйесінің жұмысы жақсарып, күйзеліс төмендеп, гемоглобин көтеріліп, белгілі бір күш береді екен. Ал мүлдем құшақтаспай кеткен адамдардарда өмірден түңілу, өзін жалғыз сезіну, күйзеліске ұшырап, ең ақыры жаман ауруға шалдығу үрдістері де байқалған. Сондықтан психологтар жақын адамдарымызды күніне кемінде 8 рет құшақтауға кеңес береді.

Балды жиі тұтыныңыз

Бал құрамында глюкоза, жеміс шырыны, сахароза, макро-микроэлементтер, нәруыз, аминоқышқыл сынды жүздеген пайдалы заттар бар. Тек табиғи балдағы дәрумендер ағзаға пайдасын тигізе алады.

 Ыстық тағам ішкі құрылысты бұзады

Ыстық тағамның микробтармен күресетіні баршаға мәлім. Дегенмен, біздің ағзамызда зиянды бактериялармен қоса, пайдалы бактериялар да бар. Сонымен қатар, адам ағзасындағы жасушалар нәзік екенін ескерсек, ыстық тамақ бұл жерде тіпті кері әсер етуі мүмкін. Ол әсіресе қалқанша без қызметін бұзып, соның кесірінен ауыздан жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Адамның денесі 43 градус ыстықта өмір сүре алмайтынын білетін шығарсыз? Сондықтан тамақтың немесе сусынның температурасы 45° градус Цельсиден жоғары болмауы керек.

 Сабынмен күнде жуынбаңыз

Себебі, сіз денеңізді ерте қартаю мен түрлі жұқпалардан қорғап, қаптап тұратын майлы қабатты жойып жібересіз. Сабынды аптасына 1-2 рет қолданыңыз, ал қалған күндері жай ғана шайынып алыңыз. Сабынның орнына душқа арналған хош иісті шайырлы затты қолданыңыз.

 Адреналин – шуақты көңіл күй сыйлайды

Жай ғана үй мен жұмыстың арасында жүрудің қажеті жоқ. Себебі, күнделікті күйбелең өмірдің салдарынан сіз жан толғанысын сезінбей, өмірге деген қызығушылықты жоғалтып алуыңыз мүмкін. Кей-кейде болса да барлығымыз өткір түйсікті сезінуіміз керек. Мәселен, мүмкіндігіңіз болса әткеншек тебуге барыңыз, бірақ, тым артық кетпеңіз. Парашютпен секіріп, флайбордпен ұшып көріңіз.

 Тазартылған өнімдерден аулақ болыңыз

Тазартылған әрі ұнтақталған өнімдер сіздің тағам мөлшеріңізді толықтай өзгертуі мүмкін. Бұл өнімдер шектен тыс өңделіп, өзінің құрамындағы пайдалы элементтерді жоғалтып алған. Мұндай тауарлардан бас тартсаңыз, дене салмағыңыз тұрақталып, қандағы глюкозаның мөлшері біркелкі болады. Сондай-ақ, ағзада пайдалы дәруменге толы қоректі заттар мен микроэлементтер пайда болады. Тәтті тоқаштардың орнына табиғи өнімдер мен жеміс-жидектерді қолданыңыз.

 Балық майын қолданыңыз

Балықтың майы күйзеліс кезінде, жүрек ауруы мен екінші типті қант диабетімен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, ол тері жасушаларын нығайтып, онкологиялық аурулардың болу ықтималдылығын төмендетеді. Балық майы әрбір адам қабылдауға міндетті қосымша дәрумен болып есептеледі. Майлы балықты қаншалықты жиі тұтынатыныңызға байланысты күніне 3-6 грамм балық майын ішуіңізге болады.

 Медитация жасаңыз

Медитация – күйзеліспен күресудің жай ғана керемет жолы емес. «Американдық психиатриялық журналда» жарияланған зерттеу қорытындылары бойынша, медитация үрей мен мазасызданудан туындайтын ауруларды жеңе алатындығы анықталды. 10-15 минут тыныштықта отырып, өзіңіздің ойларыңызбен оңаша қалыңыз. Заманауи өмір ағымында тыныштықта қалу өте маңызды.

 Глекемикалық көрсеткіші төмен көмірсуларды тұтыныңыз

«Диеталық тағамданудың американдық ұйымы» зерттеулеріне сәйкес гликемикалық көрсеткіші төмен өнімдерді жиі қолдану жүрек ауруларын тежейтіні белгілі болды. Сіздің тағам мөлшеріңіз жеміс-жидектер мен бүтін дәнді жармалардан, жасымықтар, бұршақтар мен жаңғақтардан тұруы керек. Сонымен қатар тазартылған көмірсулардан аулақ болғаныңыз дұрыс.

 Ағзаңызбен үндес болыңыз

Диетада қатып қалған ереженің жоқ. Себебі, біреуге дәл келген диета, екіншісі жан үшін тиімді болмауы мүмкін. Әрбір адам қайталанбас тұлға. Тағам мөлшеріне сай тамақтың құнарлылығы мен ақуыздың жеткілікті мөлшерде болуы барлық диетаға тән нәрсе. Дегенмен өз ағзаңызға құлақ асып, толықтырулар енгізіңіз. Бұл жетістікке жетудің ең үздік жолы.

 Арқа мен буынның жұмысына керекті дәрумендер

Ортопедтердің мәлімдемелеріне сәйкес, В3, С, РР, Е дәрумендері шеміршектің, омыртқааралық дисктерді біріктіруші жасушалардың және қан айналымының жұмысын жақсартады. В3 дәрумені (пантотен қышқылы) зат айналымына қатысып, жүйке және қозғалтқыш мүшелерін реттеп, дәрі-дәрмектің кері әсерін жеңілдетеді. Ол ағзаға көбінесе жұмыртқа мен көк түсті жемістер арқылы тарайды.

С дәрумені тамырлардың иілгіштігі мен беріктігін нығайтып, қабынуды төмендетеді. Дәрумен итмұрын, шырғанақ, қарақат, қызыл тәтті бұрыш, мүкжидек секілді жидектердің құрамында көптеп кездеседі.

РР (басқаша атаулары: никотин қышқылы, ниацин, никотинамид) жасушалардың тынысын реттеп, нәруыз алмасуын қамтамасыз етеді. Балғын жасыл бұршақ, бодана мен жасымық РР дәруменімен байытылған.

Е дәрумені (токоферол) жасушадағы қышқылдандыру процесін баяулатып, бұлшықет пен буындардың жұмысын жақсартады. Токоферола көбінесе өсімдік майлары, сиырдың бауыры, брюссель орамжапырағы, брокколи жемістерінде кездеседі.