ДенсаулықСаулық үшін

Денсаулығыңызға пайдалы 7 әдет

1. Сезімдеріңізді білдіріңіз.

Сүйіктіңізді құшақтап, жүрек шымырлататындай смс-хабарлама жазыңыз, кішігірім тосынсый әзірлеңіз. Жақын адамыңызға титтей де болса, көңіл бөлудің өзі оны қуантып қана қоймай, өзіңіздің рухани күйіңізді де реттейді. Бұл 120 жұп арасында зерттеу жүргізген Швейцария ғалымдарының пікірі.

2. Ұйқыны жақсылап қандырыңыз.
Өйткені аз ұйықтау иммунитетті түсіріп, гипертония, сусамыр дерті, жүрек ауруларының өршу қауіпін тудырады. Сондықтан да ұйқыға мән беріңіз.
Аяғыңыздың тоңып қалмауын қадағалап, жылы, жұмсақ шұлық киіп ұйықтаңыз.
Жатын бөлмеде теледидар болмасын, ұйқыға жатар алдында теледидар көру – тынышсыздыққа соқтырып, көз ілуді қиындатады.
Тұтастай қараңғы бөлмеде ұйықтаңыз.

3. Өзек
Өзекті (өсімдік жасушаларының ұлпа қабығы құралатын зат) көп жеңіз. Бұл қан құрамындағы холестерин мөлшерін кемітудің, жүрек қан-тамырлары аурулары мен диабетті болдырмаудың, сондай-ақ, салмақты қалыпта ұстаудың ең жеңіл түрі. Ақ ұннан әзірленген: кеспені, күрішті, нанды қатты бидай сортынан жасалған тағам түріне ауыстырыңыз. Ірі дәнді дақылдар, астық тұқымдастар, бұршақ, жаңғақты пайдаланыңыз, жеміс-жидек пен көкөністі көп жеңіз. Аз уақытта сіз денеңіздің күшті, деніңіздің сау болғанын байқайсыз.

4. Көзіңізді сақтаңыз.
Жеміс-жидек пен көкөністің күнделікті үш порциясы (1 порция – 1 үлкен алма, 1 апельсин, 200 г көкөніс) катарактаны болдырмаудың алғышарты. Ас мәзіріне майлы балықты қосыңыз – сонда сіз көз ауруларының өршу қауіпін 4 есеге кемітесіз!

5. Омыртқаңызды сақтаңыз.
Жұмыс орынында ұзақ отыратын адамдардың барлығы да, ерте ме, кеш пе әйтеуір бір арқасының ауырғанын байқай бастайды. Бұл омыртқаға зақым келгендігін білдіретін дабыл. Арқа бұлшықеттерін нығайтудың бірнеше қарапайым жаттығуларын жиі жасап тұрсаңыз (күніне 3 рет, аптасына 5 күн) бір немесе жарты айдан кейін- ақ жеңілдікті сезінесіз.Похожее изображение

6. Жамбас бұлшықеттерін күшейтіңіз.
Мұны күнделікті жуыну мен тіс шаю тәрізді күнделікті дағдыға айналдырыңыз. Егер ұдайы жасап тұрсаңыз, үш айдың ішінде өзгерісті сезінесіз.

7. Жиі серуендеңіз. 

Бұл тек жүрекке ғана пайдалы емес, артық салмақтан арылуға да көмектеседі. Алдымен адым өлшеуішпен күніне қанша қадам басатыныңызды анықтап алыңыз. Бұған қосымша бірнеше күн бойы 1500 адымды қосып отырыңыз. Содан кейін бұл көрсеткішке аптасына 500 адым қосасыз. Осылайша тез арада салмақ тастайсыз.
Іске сәт!