ДенсаулықСаулық үшін

Денсаулыққа пайдалы дуэт

Бұл өнімдер жеке өздері де өте пайдалы, ал дұрыс таңдалған «жұбымен» оның пайдасы одан ары арта түспек.

Йогурт пен банан

Прибиотиктерге бай йогурт ас қорыту жұмысын жақсартады. Дегенмен ішек жолдары қызметін арттыру үшін пребиотиктер де қажет. Ал ол банан мен дәнді дақылдылардың құрамында кездеседі. 

Зәйтүн майы мен көкөністер

Зәйтүн майының құрамындағы пайдалы майлы қышқылдар мен көкөністердегі минералды заттектердің қоспасы қан қысымын бір қалыпта ұстайды.

Сәбіз бен бадам

Каротиноидтер — сары, қызылсары көкөністер мен жемістердің құрамындағы нәрлі заттарды ағзамыз жаңғақтардың құрамындағы маймен жақсы меңгере алады.

Қызанақ пен үрмебұршақ

Құрамында көп мөлшерде С дәрумені бар көкөністерді (қызанақ, бұрыш) темірге бай үрмебұршақпен жеген дұрыс.