ДенсаулықСаулық үшін

Денсаулықты үнемді түрде қалай күтеміз?

Аранымыз ашылмасын!

1. Аштық туралы ақпаратты ми басқаратынын есте сақтаңыз.

2. Дүкенге немесе базарға ешқашан ашқарын бармаңыз. Себебі аш адам өте көп әрі калориясы жоғары азықтарды сатып алғыш келеді.

3. Біздің ағзамызда таңғы уақытта зат алмасу процесі жүреді. Сондықтан таңертеңгілік міндетті түрде тамақтану қажет.

4. Теледидар көріп отырып, кешкі уақытта тәтті тағам жемеген дұрыс.

5. Жатар алдында гидромассаж қабылдап немесе душтың себезгісінің суын қатты ағызып шомылған пайдалы.

Ас үйде жаттығыңыз!

Фитнеске баруға уақытыңыз аз ба? Онда асүйде жаттығуды бастаңыз. Арқаңызды қабырғаға тақап 2 минут тұрыңыз. Жамбасыңыз бен өкшеңіз де қабырғаға тиюі тиіс. Үнемі осылай жасасаңыз арқаға бітетін артық майдан арыла аласыз.

Биіктегі затқа қолыңыз жетпей жатса, қуаныңыз. Бұл да жаттығу. Асықпай біреу қолыңыздан тартып жоғары көтеріп алатындай, аяғыңыздың саусақтарымен жоғары созылыңыз.

Тамақ пісіру үшін пештің қасында ұзақ тұрасыз ба? Онда басыңызды алға иіп, артқа шалқайтып, арлы-берлі айналдырып жаттығу жасап тұрыңыз. Осылайша артық шығынсыз үй шаруасын тындырып жүріп те фитнеспен айналысуға болады.

Білген жөн

Уқалаудың емдік қасиеті жоғары. Массаж арқылы гендердің белсенділігі артып, бұлшық еттердің қалыпқа келетіндігі ғылымда дәлелденген.

Ем іздеп…

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы ауруханадағы әрбір үшінші ем қабылдаушы өзіне инфекция жұқтырып алатынын мәлімдепті. Бұл ең алдымен медицина қызметкерлерінің гигиенаны сақтамауынан туындайды дейді мамандар. Дәрігерлер үнемі қолын кем дегенде бірнеше рет сабынмен жуып отырудан ерінбеуі тиіс.

Жүректі жарықпен емдейік!

Колорадо университетінің кардиологы Тобиас Экл өз тәжірибесінде жүрегі ауыратын адамдарға жарықтың пайдалы екендігіне әбден көз жеткізіпті. Оның айтуынша күндігі жарық пен түнгі жасанды жарық адамның тұманды ойға шомуына кедергісін келтіреді. Осылайша ішкі «биологиялық сағаты» үнемі жарқын уақытқа негізделген емделуші тез сауығып кетеді екен.