ДенсаулықСаулық үшін

Диабет алды диагнозының 6 белгісі: дерт жайлы не білу керек?

Дамыған елдердің әрбір үшінші ересек адамы диабетке шалдығу қаупі бар. Дегенмен, олардың 90%-ы ол жайлы хабарсыз. Қант ауруы жайлы не білу керек? Жауапты мақаладан таба аласыз.

ДИАБЕТ АЛДЫ ДЕГЕН НЕ?

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл қан құрамындағы қант деңгейінің көтеріліп кетуі. Дегенмен, оны толық диабетке жатқызуға болмайды. Ересек адамның қалыпты қант деңгейі 5,9-дан аспайды. Егер соңғы үш айда қант деңгейі 5,7-6,4 болса, онда бұл – диабет алды. Егер 6,4-тен жоғары болса, онда – диебет.

 ДИАБЕТ АЛДЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Бұл дертті үнсіз кесел деп сипаттауға болады. Себебі, сізге ешқандай белгі бермей ағзаңызда тамыр жаяды. Сондықтан қант дейгейін әрдайым тесертіп тұрған жөн. Егер төменде аталғандардыі бірін байқасаңыз, дереу дәрігерге тексерілгеніңіз жөн.

1. БІРНЕШЕ КИЛОГРАММ САЛМАҚ ҚОСТЫҢЫЗ. Әрине, бұл диабеттің толық белгісі емес. Бірақ, май іштің айналасына жиналса, онда ағза инсулинге төтеп беріп отырады. Сондықтан, ұйқы безі инсулинді көбірек бөлуге тура келеді. Бұл барлық ағзаның жұмысына кері әсерін тигізеді.

 2. ТЕРІ МӘСЕЛЕСІ. Тері түсінің өзгеруі, майда өспелердің пайда болуы – жақсылықтың белгісі емес. Өспелер иық пен арқада пайда болса, дереу дәрігерге барған жөн.

 3. ТӘТТІНІ КӨП ЖЕЙСІЗ.Тек кәмпитті ғана емес, сонымен қатар, нан, күріш, макарон, картоп та қандағы қант деңгейінің өсуіне әсер етеді.

 4. АЗ ҚИМЫЛДАЙСЫЗ. Әрдайым қозғалыста болу арқылы адам ағзасындағы инсулинді реттеп, тиімді пайдаланады. Бірқалыпты салмақты ұстап тұру – диабет қаупін азайтады.

 5. БҰРЫН ҚАНТ ДЕҢГЕЙІМЕН МӘСЕЛЕ БОЛСА. Мысалы, жүктілік кезінде қантыңыз көтеріліп кеткен кездер болды ма? Кейін уақыт өте келе қалпына келеді, бірақ әлі де қауіп бар.

6. ТҮНІМЕН ДӨҢБЕКШІП ШЫҚСАҢЫЗ. Егер дұрыс ұйықтамасаңыз, онда ағзаңызға көп жүктеме түседі. Бұл диабеттің туындауына жағдай жасайтынын ұмытпаңыз. Денсаулық үшін ұйқының маңызы өте зор!