Cән мен сұлулықБет күтімі

Дұрыс күтім – жастықтың кепілі

Барқыт қолдардың кепілі 

Жібектей үлдіреген, сүйріктей сүйкімді саусақтардың иесі атану үшін үнемі қолыңызды булап тұрыңыз. Ең тиімдісі әрі қолжетімдісі – лимон, теңіз тұзымен жасалған булау. Олар терінің құрғап кетуінен сақтайды әрі жұмсартады.Картинки по запросу сочные губы

Ерінді баптау

Ерінді жұмсарту үшін кез келген өсімдік майын қолдануға болады. Дегенмен, зәйтүн майының орны ерекше. Оны далап астына негіз етіп жаққан жөн. Тотыққан, құрғақ, жарылған еріннің емі – бал, қияр суы және шырғанақ майы. Ерініңізді лимонмен сүртсеңіз, табиғи әрі уыздай қалпын ұзақ сақтайды.

Төгілген қос бұрым

Гүлшетен (розмарин) бастың қан айналымын, шаш құрылымын жақсартады. Бастағы ұсақ тесіктерді ашып, бұрымыңызды тез, табиғи жолмен өсіреді. Мамандар гүлшетеннен жасалған эфир майын сусабынға араластырып жууға кеңес береді.

Похожее изображение

Алма мойын иесі                                                                                                                    Қыз-келіншектер бет күтімі деп жүріп, мойынға назар аудармайды. Сіз оған жол бермеңіз. Үстел жанына орындық қойып отырыңыз. Шынтағыңызды тіреңіз. Саусақтарыңызды айқастырып, ара қашықтық сақтап, иегіңізді қойыңыз. Мойынның бұлшық етіне күш түсіріп, иегіңізбен қолдарыңызды басыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.