NewsСән

EFW сән апталығы – көрермен көзайымы

Әсем қала Алматыда көпшілікті сүйікті жобасына айналған EURASIAN FASHION WEEK сән апталығын дүркіреп өтті. Елімізге танымал сәнгерлер өз топтамаларын ортаға салып, алдағы маусымның трендтерін ортаға салды.

Үш күнге созылған дүбірлі апталық fashion саласындағы барлық марқасқаларды бір жерге жинады. Себебі де жоқ емес. Алдағы маусымда сәнге айналатын трендті киімдер барлығын қызықтырса керек. Апталықтың алғашқы шымылдығын отандық бренд SHAKERBAY ашты. Одан кейін ADILI, IK – ITALY FOR KAZAKHSTAN, сәнгер Сергей Шабунин ұсынған SS BRAND брендтері жалғастырды. Алғашқы күннің қонағы Өзбекстандық дизайнер ZULFIYA SULTON болды. 

Сән апталығының екінші және үшінші күні де керемет қойылымдар мен сән көрсетілімдерімен жалғасқандығын бас айту қажет. Екінші күні Ave.Montaigne. бутигі шымылдық ашса, кейіннен OSCAR DE LA RENTA, KENZO, KARL LAGERFELD, SHERER атты танымал брендтер де винтажды топамаларынмен көзге түсті. Қызыл кілемге арналған образдарды RED CARPET көрсетілімдері нақты айқыштап, көрерменнің көзайымына айналды. Ал MINAVARA өзгелерден ерекшеленіп круизді топтамасын ортаға салды. 

Биыл EURASIAN FASHION WEEK сән апталығы тосын сыйлармен қуантқаны соншалық үшінші күн балаларға арналды.