Жан әлеміТест

Психологиялық тест: ЕҢ БАҚЫТТЫ  ЖҰП ҚАЙСЫ?

Төмендегі таңдаған жұптардың бірі сіз туралы сыр айтады. Ендеше қай суретті таңдар едіңіз?

1.05K (1000)Қаралымдар

1

Сіздің өміріңізде барлығы жақсылыққа құрылған.   Жолыңыз болғыш, әр күніңіз сәттілікке толы, бақытыңызды еселеу де қиын емес. Қолыңызда барыңызға қанағат тұтып, тағдырыңызға әрдайым алғыс айтып, шүкіршілік етуді ұмытпаңыз. Алда көп күш пен төзімді қажет ететін сындар көп. Алайда оның барлығын еңсересіз. Ең бастысы, өзіңізге деген сенімділігіңізді ешқашан жоғалтпаңыз.

2

Сіздің жан-дүниеңіз арпалысқа толы.   Не әлдекімге өте ашулысыз, не ренжіп жүрсіз. Тіпті бұл күй басымнан ешқашан өтіп кетпейтін шығар деп, ары қарай не істеу керегін де білмейсіз. Бірақ өмір мұнымен тоқтамайды. Қала сыртына шығып, жаныңызға тыныштық сыйлаңыз, миыңызды демалдырыңыз. Бойыңызға жиналған жағымсыз әсерді түгелімен шығарып тастаңыз, әйтпесе денсаулығыңызға кесірі тиеді. Өкпелеткендерді біржола кешіріңіз де, өмірді таза парақтардан бастаңыз. Өміріңізде әлі-ақ жақсы адамдар мен бақытты күндер көп болады.

3

Қазір сіздің басты ұстанымыңыз – «өмірді жеңілдету».   Жаңа дүниелерді тез қабылдайсыз, шын беріліп дос бола алмағандармен тез қоштасасыз. Жамандықтардан арылу үшін барлығын байқап көресіз. Алған бағытыңыз дұрыс. Кеңістігіңізді тазалайтын уақыт жетті. Өзіңіз қалағандай өмірді сүруге әбден құқылысыз. Қоршаған ортаның орынсыз пікіріне құлақ аспаңыз. Өз ар-ұятыңыз алдында таза болсаңыз болғаны. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Дереккөз: massaget.kz