Ас мәзіріТәтті дәм

Нағыз шоколадты жұмаққа хош келдіңіз!

Шоколадты кекс көп уақытыңызды алмайды. Оның үстіне қажетті ингредиенттерді ас үйіңізден лезде таба аласыз. Есесіне мұндай кекс үйіңізге күтпеген жерден қонақ келген кезде дастарханыңыздың сәнін кіргізіп тұрады.

ҚҰРАМЫ:
маргарин – 150 гр, какао ұнтағы – 6 ас қ., қант – 1 стақан, сүт – 1 стақан, ұн – 1.5 стақан, жұмыртқа – 3 д,қопсытқыш – 1 шәй қасық

КРЕМІ:
Майлылығы 30% кілегей – 6 ас қ., Какао – 4 ас қ., Қант – 5 ас қ., Сары май – 50 гр, Ұн – 1 ас қ.

Дайындау әдісі

1 Ең әуелі маргарин, какао, қант пен сүтті бір ыдыста араластырып, баяу отқа қоямыз. Суығаннан кейін үстіне ұн мен қопсытқышты және 3 дана жұмыртқаны қосу қажет. Барлық ингредиенттерді жақсылап араластырамыз.

2 Осыдан кейін пайда болған қамырды кекстерге арналған арнайы ыдысқа жартылай (көтерілетінін ескере отырып) құю керек. Алдын ала 200 градуста қызып тұрған пеште 15 минут пісіреміз.

3 Ал енді кекстің креміне кірісейік. Алдымен қаймақ, какао мен ұнды және сары майды араластырып, кәстрөлде қайнап тұрған судың буына қайнатып аламыз.

4 Крем мен кексіміз суығаннан кейін кремді кекстің үстіне жағамыз. Ол үшін арнайы кондитерлік қапты қолдануға болады. Кексті қалауымызға қарай жидектермен әсемдейміз. Қамыры да, кремі де шоколадды тәттіміз дайын.