Жан әлеміТест

Ең қысқа психологиялық тест

Бұл тест мінез ерекшеліктері мен қасиеттерді дәл анықтайтындығымен танымал. Барлығы дәл келеді деп жатады. Бұрын жасап көрмесеңіз, байқап көріңіз. Сұраққа жауап берерде алаңдамай, ішкі дауысыңызға жүгініңіз.

560Қаралымдар

Сіз қайсы көкөністі көбірек жақсы көресіз?
А) қияр немесе қызанақ
Ә) қауын немесе қарбыз

Қияр және қауын 
Мұндай таңдау әйелдерге қарағанда ер адамдарға тән. Бұл типтегі жігіттер – ер мінезді әрі салмақты. Ішімдікке салынып кетпейді. Олардың арасында спортшылар мен саяхатшылар көп. Дәл осындай жанның қасында кез келген әйел өзін қауіпсіз сезінеді. Отбасындағы жауапкершілікті өз мойнына алады. Мақсатшыл әрі ойға алған ісін оңай бағындырады. Кемшіліксіз жан жоқ. Бұл азаматтарға қиялдау жетіспейді. Жұбайының: «Маған қашан гүл сыйлайды?»,-деп күтуі нәтижесіз. Дұрысы – қандай гүл қалайтынын тұспалдап айту. «Қияр-қауын» типіндегі әйелдер көбіне басшы болады. Бірақ үй шаруасына олақ. Олар асты дәмсіз әзірлейді, ақшаны ұқсатып жұмсауды білмейді, ыдыс жууды, киім тазалауды ұнатпайды. Ер адамдармен адал, жанын ұғатын дос.

Қызанақ жəне қарбыз
Олар – көңілді, белсенді жандар. Асқан тілтабысқыштығымен ерекшеленеді. Бірақ тілдесу кезінде үнемі тепе-теңдікті сақтамайды. Құйындай мінезі жанжалға жиі алып келеді. Мұндай типтегі – жігіттер асқа талғампаз. Еріншек және жолсөмкесіне шәркейі мен үй халатын салып алып, ұйықтайтын қапшығын құшақап жүре береді. «Қызанақ-қарбыз» әйелдер әсершіл, жануарларды және отбасын сүйеді. Олардың жанында өзін жайлы сезінеді. Әзәзілдік қолынан келмейді, бірақ кейде әдепсіздік танытуы мүмкін. Себебі, «қарбыз-қызанақ» типіндегі жандар шынайылық пен ашықтықты алғашқы орынға қояды.

 

Қияр және қарбыз
Мұндай жандар үнемі психологиялық тұрғыдан абдырап қалады. Сыртқы келбетіндегі байсалдылық пен ұстамдылық ішкі дүниесіне сәйкес емес. «Үндемегеннен үйдей бәле шығады» деген мәтел осындай ер адамдарға сай. «Қияр-қарбыздар» жанартау сияқты. Дәл қазір қандай сөз айтып, ертең не істейтінін ешқашан ешкім білмейді. Ал әйелдер болмашы нәрсеге ұрыс шығармайды. Барлығын ішіне сақтап, бір күні «жарылады». Ыдыс-аяқтар қирап, күйеуінің басына әңгір таяқ ойнатып жатса таңғалмаңыз. «Қияр-қарбыз» типіндегі жандар – нағыз шығармашылықтың адамы. Олар ойланып-толғануға бейім. Араларынан ғалымдар, өнертапқыштар жиі шығады.

Қызанақ және қауын
Дәл осы нәтижеге сәйкес келгендер – байсалды, әдепті, сабырлы. Сезімталдығы мен түйсігі дамыған. Әдемі заттарды жақсы көреді және жоғары талғам иесі. «Қызанақ-қауын» ер адамдары нәзік болады. Олардан суретші, музыкант, жалпы шығармашылық адамдары жиі шығады. Әйелдер – ғашықтыққа бейім, көңілшек, махаббатына жан-тәнімен беріледі және оған тұрақты. Жанқияр, нәзік әрі қамқор жұбай. Ал «қызанақ-қауын» типіндегі ерлер өзімшілдер қатарында.

P.S. Шаңырағы биік болатын жұптар:
«қияр-қауын» ер мен «қияр-қарбыз» әйел;
«қызанақ-қауын» ер мен «қияр-қауын» әйел;
«қияр-қарбыз» ер мен «қызанақ-қарбыз» әйел;
«қызанақ-қарбыз» ер мен «қызанақ-қауын» әйел

 

Тест жауабы көңіліңізден шықты ма? Достарыңызбен бөлісе отырыңыз!