Жан әлеміӨкініш

Енемнің қисынсыз талабын орындаймын деп түсік тастадым

1.53K (1000)Қаралымдар

Тұрмыс құрғаныма бір жыл болды. Жүрек қалауымды тыңдап, өзім сүйетін жанмен бас қосқан едім. Жұбайымның отбасы жағдайы тым жақсы, қалталы азаматтар. Қаланың дәл ортасында екі қабатты зәулім сарайлары бар. Сол жерге Думан екеуіміз шаңырақ көтергеннен кейін көшіп келдім.

Күйеуім отбасына ең алдымен жақсы келін болып, оның ата-анасын сыйлауым керек екенін түсіндірді. Бір сөзбен айтқанда, мансап қуып кетпеуімді өтініп, тіпті, жұмысымнан шығарып алды.

Үйдің шаруасына бас көз болып, дүниеге ұрпақ әкелсең болды деді. Әрине, менің бұған дейін армандағаным бұл емес еді. Алайда не болса да, Думан үшін тағдырыма көнуіме тура келді.

Біраз уақыт өткеннен кейін енемнің мені түртпектей беретінін байқадым. Істеген ісім ұнамай, көңілінен шықпады. Мен сонда да бәріне көніп, атам мен енемнің көңілінен шығуға барынша тырыстым.

Тамақ әзірлеу, кір жуу, үй жинау – былайша айтқанда, менің өзге шаңырақтардың келіндерінен ешқай жерім артық болған жоқ. Барлық міндеттерді атқарып жүрдім. Бір қызығы күйеуімнің отбасы қанша қалталы болса да, үйде өзге адамдардың жүргенін ұнатпайтын. Сол себепті үй күтушісін ешқашан жалдап көрмеген. Бәрін анасы басқарып, қадағалайды. Сол үшін екеуіміздің басымыз бір қазанға сыймай қала береді.

Көп ұзамай өзімнің жүкті екенімді білдім. Алайда дәрігер түсік тастау қаупі бар екенін айтып, аса сақ болуымды сұрады. Әрине, осыдан кейін бұрынғысынша білек сыбана әр нәрсені істеп, жүгіріп кетпейтін болдым. Думан да бар жағдайды ата-анасына түсіндірді. Бірақ енем күйеуім мен қайын атам үйден кете салысымен бұрынғы әуеніне басып, үй тазаламадың деп сөгетін болды.

Бір күні үйдің терезелін жуып шығуымды сұрады. Құлақ тыныштығымды ойлап, енемінің тапсырмасын орындай салайын деп шештім. Сөйтіп, терезе алдындағы тақтайға шыға қойғаным сол еді, басым айналып, екінші қабаттан бір-ақ құладым. Есімді жисам, ауруханада жатыр екенмін. Жанымда Думан отыр. Ол менің бұл жерге аса ауыр жағдайда жеткенімді айтты. Алған жарақаттарымнан баламыздан да айырылып қалыппын. Қатты өкіндім…Енемнің қисынсыз талаптарын орындағаным үшін өкінемін.

Тіпті, өз үйінде маған қорған бола алмаған Думаннан да көңілім қалды. Ол шаңыраққа сол күйі қайтып бармадым. Енемнің бет жүзін көргім келмейді. Алдағы өмірімнің қалай өрбитінін түсіне алар емеспін.