Екеудің құпиясыЖан әлемі

Ер адамды танып-біл!

young couple having romance

Ер адам нені қалайды? Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Қалайша барлық ер азаматтың қалауы біреу болуы мүмкін? Кейде: «Барлық ер адамның ойы бір, олардың ойлайтыны тек бір дүние», - деп жатамыз. Сол азаматтарымызға бір сәт өзіміздей адам, тұлға ретінде қарайықшы.  Иә, әркім өзінше дара, ерекше, талғамы бөлек және қайталанбайды. Әрі қарайғы сөзді психолог Марал Сарбасқызы тарқатады.  Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА

Еркекті танудың қажеті жоқ

 Ер адамды біле алмайсыз, сізге оның қажеті жоқ. Әрбір адам қандай, солай қабылдау керек. «Сіз ер адамға қандай болуы керектігін үйрете алмайсыз, тек оған өзін-өзі табуға жәрдемдесе аласыз», – дейді Галилео Галилей. Ер адам әрқашан менмен, мінсіз не үнемі бейбақ болып жүрмейді. «Оны өзгертемін» деудің орнына,  «Ол өзі дами түседі» деп ойлау қажет. Қыздар, ер адам мүсін емес. Өз қалауыңызды көруге асықпаңыз, оның кім бола алатынын қарайлаңыз.


 Нағыз еркек, нағыз жігіт қандай болу керек?

Нағыз жігіт ұзын бойлы, терең ойлы, кең иқты, кырандай алғыр, нардай төзімді, шешен тілді, бастысы Отаны мен туған-туыс, дос-жарандарына адал бола алатын болуы керек. Бұл – сырт келбеті мен жалпылама баяндау. Психологияда жігіттің бірнеше сипаты бар. Әрқайсына жеке-жеке тоқталайық.

Іскер жігіт

Шындығында, мұндай еркектер өзін бəрінен мықтымын деп санайды. Олар үшін өмірде ешқандай кедергі жоқ. Қандай ортада болсын киіп-жарып алға ұмтылғанды ұнатады. Артық-ауыс сөз айтпайды, батыл, қыз көңілін немен алдарқатуды біледі. Өзінің айтқанын қайтсе де орындатуға тырысады. Мұндайлардың əйелдерге деген көзқарасы да бірқалыпты: Мені осы қалпымда қабылдайсың немесе бүгіннен бастап арамыз алшақтай бастайды”.


Арманшыл еркек

         Арманшыл еркектер – өзінің қолға алғалы жүрген тың жобасы мен ой-идеяларын жүзеге асыра алмай тастанды етіп жүрген арман адамдары. Оларды көп ішінен танып білу қиындық тудыра қоймайды. Бір орынға тұрақтап байыздай алмай, жиі-жиі жұмыс ауыстырып, адамдармен тіл табыса алмай жүргендер міне, осылар. Осыған қарамастан, мұндай еркектер əйелдер үшін жайлы болмақ. Дəл осындай арманшыл азаматтармен тағдырын қосақтаған нəзік жандылар шаңырақта көшбасшылық тізгінді сеніммен өз қолына ала алады.

Жауаркершілігі мол азамат

         Бұл санаттағы еркектер өзі қалаған қалыңдығы мен отбасының, тіпті дос-жарандарының алдында үлкен жауапкершілікті мойнына алады. Ол өзінің ата-анасы мен жақын-туғандарына дамыл таппай телефон соғып, бір сəт те болса көңіл аудара алмағандығына кешірім сұрап жатады. Байыпты ой-тұжырымдары оған ешқандай қателік жібермеуге көмектеседі. Егер дəл осындай азаматқа кезіксеңіз, бірден жүрегін жаулап алуға тырысыңыз, одан еш өкінбейсіз.

Ашушаң еркек

         Бұларды түсіну мүмкін емес. Айналасындағыларға, ата-анасына, жанындағы жарына, бұрынғы жəне қазіргі бастығына жауығып, үнемі ашу үстінде жүретін мұндай еркекпен тағдырыңызды қосақтасаңыз тіптен қиын. Оның аяқ басқан сайын жіберген қателігіне өзге біреулер кінəлі. Оған үнемі байыппен түсіндіріп, әр ісіне үлкен сабырлық танытып отыруға тура келеді. Қарсы шығып, ұрысудың еш пайдасы жоқ. Қайта тұтанған отты одан сайын өршітіп аласыз.

Тозаң арасындағы жақұт

         Бұлар шын мəнінде өз ісінің нағыз білгірлері, еңбекқор, бейнет үшін жаратылған қарапайым жандар. Қызметтестері биік жетістіктерге өз соқпағын өзі салып, ешкімнің демеуінсіз адал еңбегімен жеткендігі үшін құрметтейді. Тəуекелді серік еткен нəзік жандылар тозаң арасында елеусіз жатқан жақұттармен өмірін қосақтаса кейін еш өкінбейді. Тек оның жалған жақұт емес екендігіне көз жеткізуі керек.

         Түйін

         Міне, қыз-келіншектерге берер аздаған кеңесім осы. Жылағанда жұбаныш, құлағанда демеу болатын өмірлік серіктеріңізді қателеспей таңдаңыздар. Осы 5 типтегі ер адамның жағымды да, жағымсыз да қыры бар. Тек оны дұрыс қабылдап, жақсысын асырып, жаманын жасыру әйелдің қолында.

Марал Сарбасқызы, психолог