Жан әлемі

Ер адамның жұлдызнамасы бойынша ренішін қалай тарқатамыз?

Жұлдыз жорамал... Көпшілік қауым жұлдыздарға иманындай сенеді және жорамалдардың орындалып жататыны тағы бар. Жұлдызнамаға қандай жағдайда жүгінеміз. Мәселен,  сіз екінші жартыңызды ренжітіп алсаңыз, не істеу керек деген сұрақ  сізді де мазалап жүрсе, жұлдызнамасы бойынша көңілін табыңыз. Астролог және психолог мамандардың бірлесіп ұсынған кеңестеріне құлақ түріңіз.

Тоқты

Егер тоқты  жігітті ренжітіп алсаңыз , татуласуға бірінші қадам жасағаныңыз абазал.Себебі ,тоқтылар қызуғанды әрі бірбеткей болып келеді.Тоқтылар өзінің қатесін біле тұра мойындамайды және өзгенің кешірім сұрағанын жөн көреді. Тоқтымен қарым-қатынас жасау үшін нәзіктілік пен ұстамдылық қажет. Олар қысым мен өктемділікке шыдай алмайды. Кез келген жерде соңғы шешімді жігіттің айтқаны жөн. Олай болмаған жағдайда орны толмас қателікке ұрынып қалуыңыз әбден мүмкін.

Торпақ

Торпақтар өте сезімтал әрі ашуланшақ болады. Ренжудің негізгі себептерін білмесеңіз шу шығармаңыз. Ал, екінші жартыңызбен реніш туған жағдайда сабыр сақтаңыз және кешірім сұрауға да асықпаңыз. Бұл жағдайда  тек қана уақыт қажет. Ашуы басылып сабасына түскенін күтіңіз.Содан кейін түк болмағандай кейіп танытыңыз.

Егіздер

Егіздер сезімтал және ренжігіш  болып келеді. Реніш туған жағдайда оның ушығуына жеткізбеңіз. Егіздер жүрегіне жақын алатындықтан  ауыр сөз айтпаңыз.Себебі, жанжалдан кейін күйзеліске ұшырайды. Егіздер белгісіндегі жігіттер әйел ақылдылығын бірінші орынға қояды.

Шаян

Шаяндар махаббатқа адал әрі жылулықты қалайтын жандар.  Жақындарынан да сондай мейірімді күтеді. Арада реніш болған жағдайда ауыр сөз айтпаңыз, ұрысқа ол себепкер болса да, кешіріммен қараңыз. Шаян белгісінде дүниеге келген жігіттер өз аналарын қатты құрметтейді. Сізден ашық түрде талап етпесе де, соны іштей қалап тұрады. Бала кезден аналық сүйіспеншілікке бөленіп өскен шаяндар, өз үйлері де жылылық пен сыйластыққа толы бақытты орта болғанын қалайды.

Арыстан

Жанұяда да ондай жігіт осы қағиданы ұстанады. Арыстандар ұрыс кезінде серігіне ауыр сөз айтып, жанына батқанын қалайды. Алайда бұл сөздерді шын көңілмен айтпайды.Тек бойында агрессияға бейім жандар. Егер арыстаныңыздың айтқанын орындап, айдауына көнсеңіз, тату-тәтті жанұя болатындығыңызға сеніңіз.

Бикеш

Бикеш белгісіндегі жігіттер өте кірпияз болып келеді.  Бикеш жұлдызындағы азаматтармен ұсақ-түйекке бола реніш тумайды.Себебі болмысынан терең ойлы .Ал реніш туған жағдайда  мәселенің жеңіл болмағаны.Серігіңіздің өкпе –назын тыңдап болғаннан кейін сізде айтыңыз.Кешірім сұрауға асығыңыз.Олай болмаған жағдай жағдай қиындай түседі.

Таразы

Таразылармен кикілжің туған жағдайда, ақылыңызға жүгініңіз.Таразылар ұқыптылар мен жинақылар қатарына жатпайды. Олар отбасында өзін басшы санайды. Егер ақылыңыз көркіңізге сай бикеш болсаңыз, ол басшылықты өз қолыңызға алу мүмкіндігіңіз бар. Таразылармен тыныштық пен татулықта ғана бақытты бола аласыз.

Сарышаян

Сарышаяндардың есте сақтау қабілеті ерекше. Ұрыс кезінде осы қабілетін пайдаланып өткен-кеткен жайттарды есіңізге салуы мүмкін. Сарышаяндармен татуласудың ең ыңғайлы жолы,бірінші барып кінәңізді мойындап,кешірім сұрау. Егер оның бойындағы туа біткен қасиеттерін бағалай білсеңіз, ол әрбір әйел заты армандайтын махаббат шуағын төгіп, сүйіспеншілікке шомылдыра алады.

Мерген

Мерген жігіттер болмашы нәрсеге көңіл аудармайды. Ұрыс туған жағдайда екінші жартысын тыңдауға дайын. Серігінің өкпе –назын тыңдап болғаннан кейін не істеу керек екенін шешеді. Оларды уысымда ұстаймын дегенді ойыңызға да алмаңыз. Өзін еркін ұстай алмаса, ол басқа ортаға ауыса салады. Оны қызғансаңыз да, күдіктеніп, қысым көрсетсеңіз де, түк шықпайды. Өмірге мерген көзімен қарауды үйренгеніңіз дұрыс болмақ.

Тауешкі

Бекзадаңыз тауешкі болса, кімдікі дұрыс, ал кімдікі бұрыс екенін анықтап алған абзал. Бұл жандарға өзінің кінәлі екенін дәлелдесеңіз, бірінші қадам жасап, кешірім сұрауға дайын екенін ұмытпаңыз. Жақсы көре білу, сенімділік, сабырлылық, қамқорлық қасиеттері сіздің тауешкіге жақсы жар болатындығыңызды дәлелдей алады.

 Суқұйғыш         

Суқұйғыш жігіттер де емін-еркін жүріп- тұрғанды ұнатады. Оны бұғаулап ұстап, қателікке ұрынып қалмаңыз. Бұл белгіде туғандар- өте жақсы психологтар. Олар адамдармен қарым-қатынас жасағанды жақсы көреді. Суқұйғыштарға күдіктенудің де, оларды сұрақтың астына алудың да қажеті шамалы. Бәрібір шындығын біле алмайсыз. 

Балықтар

Балықтармен болған арадағы ұрыстан кейін, міндетті түрде жалғыз қалуға мүмкіндік беріңіз.Себебі жеке қалып ойланғандарды жөн. Болған оқиғаны ой елегінен өткізгеннен кейін өздері кешірім сұрайды. Сіз де асықтырмаңыз.

Татуласу үшін кім бірінші қадам жасайды деп күткенше өзіңіз қадам жасаңыз.

Ерекекке қажетті дүние – сіздің үнемі көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны.

Қатулы қабағыңызбен ешнәрсе де өзгермейтінін түсініңіз.

Мөлдір БЕКМЫРЗАЕВА