Ақ босағаОтбасы

Еркекті өзіңе ессіз ғашық етудің 7 жолы!

1. Сыпайы болыңыз

Кез келген ер адамды ғашық етудің таптырмас жолы – позитивті болу және өмірді сүю. Бұл әрқашан сыпайы болу керек екенін білдіреді.

Ер азаматтар ең қиын сәттерде де сабырлық сақтауды білетін әйелдерді жақсы көреді. Сыпайы әрі жүзі жадыраған әйел кез келген адамды өзіне тарта алады.

2. Сағынған да пайдалы

Өзіңіз ұнатқан жанды қарату үшін кейде өзіңізді сағындыртып қойған да маңызды. Оның сізді іздеп, оған көңіл бөлгеніңізді қалауға мүмкіндік беріңіз.

Адам жүрегінің құпиясы – заттарды теңдестіруде. Ер азамат сіздің көңіліңізді аулау үшін барынша күш сала бастауы керек.

3. Өз қалпыңызда қалыңыз

Көптеген әйелдер ер адамдар тек мінсіз мүсінді әйелдерге ғашық болады деп ойлайды. Ия, бұл дұрыс, бірақ әркез бұлай бола бермеуі мүмкін. Ер адамның сүйіспеншілігіне бөлену үшін сырт келбетіңіздің мінсіз болуының қажеті жоқ екенін ұмытпаңыз.

Егер сіз оған өзіңіздің ерекше қасиеттеріңізді көрсетсеңіз, соның өзі жеткілікті!

4. Оны мақтаңыз және еркектік қасиетіне тәнті болыңыз

Бір нәрсе туралы нақты айтайық. Барлығымыз ерекше қасиеттеріміз бен қабілеттеріміз үшін мақтау естігенді ұнатамыз, бұл – шындық.

Сондықтан келесі жолы оның киім киісіне, жаңа шаш үгісіне, мінез-құлқына қатысты жылы сөз айтыңыз. Оның еркектік қасиетін атап өтуді де ұмытпаңыз! Ол сізге ауыр нәрсені көтеруге көмектессе, мықтылығына тәнті болыңыз.

Ол сізді құшақтағанда, күшіне тамсаныңыз. Ерлер өздерінің еркектік қасиеттері үшін мақтау естігенді жақсы көреді.

5. Өзіңізге сенімді болыңыз

Есте сақтау керек тағы бір маңызды нәрсе – әрқашан өзіңізге сенімді болыңыз. Еркектерге әртүрлі тақырыптарға қатысты өзіндік пікірі бар батыл әйел керек.

6. Тартымды киініңіз

Ер адамды қызықтырып, оның жүрегін жаулап алғыңыз келсе, киім киісіңізге назар аударыңыз. Киіміңіз өзіңізге жарасымды болуы шарт, оның түсі өңіңізді ашып тұруы қажет.

Тартымды киінудің басты құпиясы – өзіңізді сенімді сезіну. Киіміңіз дене пішініңізге сай болып,  басқалардың назарын аударып тұрса жақсы.

7. Жұмбақ жан болыңыз

Ер адам үшін шешімі табылуы қиын жұмбақ болудың жолы қандай?

Өзіңіз ұнатқан жанға өмір тарихыңызды бірден бүкпесіз ашып тастамаңыз. Мұның бәрі мінсіз тепе-теңдікті табу туралы. Оны қызықтыратындай етіп басыңыздан өткен бір-екі хикаяны айтып беріңіз, сонда ол сіз туралы көбірек білгісі келеді.