Жан әлеміӨзіңді дамыт

Еркекті өзіңізден алыстататын әдеттер

Ер азаматтар сүйіктісіне көптеген қателіктерін кешіре алады. Алайда олар төзе алмайтын әйелдің бойындағы бірнеше әдеттер бар екен. Олар туралы материалымызда толыққанды ақпарат бердік.

Психологтардың мәліметінше, ер адамдарға әйелдің шектен тыс алаңғасар әрі жалқау болғаны ұнамайды. Өз-өзіне  қарамай, күтім жасамайтын, шаруаға икемі жоқ, жалқау нәзікжандылар еркектерді өздерінен алыстатып жібереді. Олардың назарына пысық, үйге сән мен жылу сыйлай алатын әйелдер ілігеді.

Сондай-ақ, психологтар ерлерге өзімшіл, кербез, қызғаншақ әйелдер ұнамайтынын сөз етті. Олар боқауыз сөздер айтып, өзгелерді менсінбей, жоғарыдан қарайтын арулардан қашады екен. Еркектер мұндай нәзікжандыларды жақсы көріп қалуы мүмкін. Алайда, олармен құрған отаудың ұзаққа созылуы екіталай.

Әлбетте, бұл тізімде екіжүзділік те бар. Ер азаматтар әйелінің жеңіл жүрісті немесе ерлер қауымының назарын сүйетін жан болғанын қаламайды. Әр адам жанында адал жарының болғанын қалайды емес пе?! Сол себепті өзгелеге қылымсығанның өзі ер азаматтың жүрегіндегі жалынды сөндіріп тастауы мүмкін.