Бала тәрбиесіОтбасы

Баланы ерте жастан дамыту: артықшылығы мен кемшілігі

Баланы ерте жастан дамыту бағдарламалары көп-ақ. Алайда, қайсысын таңдаймын деп бас қатырсаңыз, төмендегі екі тәсілге назар салып, артықшылығы мен кемшілігі туралы хабардар болыңыз. «Монтесори» әдісі мен «Зайцев» текшелері соңғы жылдарда қолданылып келе жатқан ең танымал бағдарламалар. Сол себепті айтулы екі бағдарлама тоқталып көрелік.

Монтессори әдісі

Негізгі  қағида

Баланы ерте жастан дамытуға арналған Монтессори жүйесінің басты міндеті – «өзім орындауға көмектес» деген ұстаныммен баланың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау. Бұл жерде педагог оқытпайды, тек сәл ғана өзінше әрекет жасауға нұсқау береді. Басты назар «Монтессори материалдарын» арнайы жерлерге қойып, балаға дамытушы орта қалыптастыруды ұйымдастыру. «Кәдімгі өмір аймағында» бала кесу мен бояуды үйренсе, «сенсорлық дамыту аймағында» заттардың пішіні мен түсін зерттейді. Бұл жерде немен айналу керектігін баланың өзі шешеді.

Жанама әсері

Монтессори әдісінің ең даулы жері – «дәл қазір нені дамыту керектігін баланың өзі ғана біледі» деген пікір. Басқа түсіндірмелерде «6 жасқа дейін бала өзінің ой-өрісін жетілдіреді. Ал, 6 жастан кейін белсенді түрде мәдениетті меңгереді», – деп көрсетіледі. Бұл «интелекті қалыптастыру мен мәдениеттану бірге жүреді» деген баланы дамытудың заманауи ұғымына қайшы келеді. Оның үстіне Монтессори әдісі баланың сенсорлық дамуының аяқталуы 5,5 жас деп өте кеш мерзімді көрсетеді. Негізінде баланың түстерді ажырату, есту, дәм сезу қабілеті 3 жастан бастап қалыптасады.

Дәл осы әдіс халық арасында «ұсақ моториканы дамыту сөйлеу қабілетіне әсер етеді» деген ұғым қалыптастырды. Шындығында ұсақ моторикаға арналған ойындар тек артикуляцияны дамытады, бірақ дыбыстың басқа комноненттерін қалыптастыруға, яғни, дыбыстық анализ, грамматикалық безендірулер және сөздердің мағыналық сипаттарының дамуына еш әсер етпейді. Сондықтан монтесори әдісі бір жерде тыныш тауып отыра алмайтын белсенді балаларға жарамайды. Оған қоса монтессори жүйесінде шығармашылыққа, рөлдік және аяқ асты ойналатын ойындарға, яғни, мектеп жасына дейінгі балаларға тән ойындарға аса назар аударылмайды.

 Пайдалануға арналған нұсқаулар

Монтессори жүйесінің басты құндылығы – өзіндік материалдармен, жақсы ойыншықтарымен және түстер мен пішіндер туралы жетік түсіндіретін Монтесори материалдарында ғана. Бір жерде отыра алмайтын, аса белсенді балаларға жеке мұғаліммен немесе анасынмен бірге дайындалған тиімдірек. Егер бала Монтессори жүйесінде жұмыс жасайтын балабақшаға барса, бос уақытында рөлдік ойындар мен ертегілерге көп уақыт бөлгені жөн.

Зайцев текшелері

 Негізгі қағидалары

Бұл тәсіл 2 жастан бастап оқуға арналған. Материалдарға түрлі кестелер, баланың өзі құрастыратын әртүрлі кубиктері, музыкалық жазбалар жатады. Текшелер түстері бойынша, көлемі бойынша, салмағы бойынша, дыбысы бойынша ажыратылды. Артықшылығы – баланың есте сақтау қабілетін жақсартады.

Жанама әсері

Ереже бойынша «зайцев» таблицалары еденнен 165-170 см биіктікте орналасуы шарт. Осындай әдіспен бала арқасын тік ұстауға үйренеді-мыс. Бірақ ол балаға ыңғайлы болмауы мүмкін. Басты сұрақ – айтулы таблицаны 2 жастан бастап оқытудың қажеті не? Кішкентай балапан бір жылда оқыған дүниені 5 жасар бала бір айда оқи алады емес пе?! 2-3 жаста бала миының сол жақ бөлігі, яғни сөйлеу қабілетіне жауапты бөлігі дамиды. Сондықтан бұл жаста оқыту-үйрету оның табиғи дамуына қайшылық келтіреді.

Пайдалануға арналған нұсқаулар.

Зайцев текшелері психикалық қабілеті төмен, сөйлеу қабілеті жетілмеген, аутизм және басқа да психо-нервологиялық проблемалары бар балаларды оқуға үйретеді. Дені сау балаларға Зайцев текшелерін үйрену үшін емес, дамытуға арналған қосымша ойын ретінде  қолданған жөн. Текшелерді жиі қолдану арқылы баланың сөзі айқын болады, сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті жақсара түседі.