ДенсаулықСаулық үшін

Етеккір тостағаны: Ол не үшін керек?

Денсаулығы мен қаржысын, қоршаған ортасы үшін уайымдайтын әйелдерге арналған нұсқа.

Етеккір тостағаныбұл етеккір сұйықтығын жинайтын контейнер. Қоңырау тәрізді гигиеналық өнімнің алғашқы нұсқасы 1932 жылы патенттелген. Бірақ бұл дүние 1980 жылдардың соңында танымал бола бастады. Бастапқыда тостағандар тек резеңкеден жасалған еді, дегенмен көптеген әйелдерде латекске және басқа резеңке компоненттерге аллергиясы болғандықтан, қазіргі медицинада силиконды тостақ жиі кездеседі.

Түрлері: Етеккір тостағандарының екі түрі кездеседі.

1. Резинадан (латекс), силиконнан немесе термопластикалық эластомерден (TPE) жасалған қоңырау тәрізді тостағандар бірнеше рет пайдалануға арналған. Өндірушілер 5-10 жылдан кейін ауыстыруды ұсынса, кейбірі жыл сайын ауыстыруды көрсетеді.

2. Екінші типтегі ыдыс полиэтиленнен жасалған, түрі контрацепциялық диафрагмаға ұқсайды. Дәл осы пластмассадан жасалған ыдыстардың екі түрі болады. Олардың бір реттік пайдалануға арналғаны және бір етеккір циклі кезінде қолданылатыны бар.

Қолдану әдісі

Көп әйелдерде бұл затқа үйрену үшін біраз уақыт кетіп жатады. Тостағанның дизайны тым үлкен болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүктелген күйде салынатынын ескеру керек, дегенмен оның өлшемі тампон диаметрінен сәл үлкендеу. Алдымен, тостағанды орнату  шеберлікті қажет етеді. Жатыр мойнына кигізудің түрді әдестері бар, оның өзіңізге ыңғайлысын таңдап аласыз. Ал, дұрыс орнатуға үйреніп, керек мөлшердегі етеккір тостағанын қателеспей таңдай алсаңыз, ол мүлде ыңғайсыздық тудырмайды.

Тостағанның көлемі үлкендеу болғандықтан, тампонға қарағанда етеккір қаны көбірек сияды, сондықтан оны ұзақ киюге болады. Әдетте шыныаяқтың сыйымдылығы 25-37 мл құрайды. Көп әйелдер өздерінің етеккір мөлшері көп деп ойлайды, бірақ негізінде   әйел күніне орта есеппен 30-дан 120 мл-ге дейін (шамамен 2-8 ас қасықтан) бөледі. Мамандардың айтуынша, 60 мл-ден асатын ағызу көп болып есептеледі.

Етеккір тостағандарын 12 сағат сайын босатып тұру керек, ауыр жағдайда жиірек тазалап тұруға да болады. Содан кейін оны сабынмен жуып, қайта орнатуға болады. Әрбір етеккір циклінен кейін тостаған 20 минут қайнатылуы керек. Оларды тазарту үшін су мен сабын ғана қажет, ал басқа тазалағыш қоспалар оған зиянды болуы мүмкін. Дұрыс қолданылған тостағандар кемі 1 жылға шыдас береді.

Қалай таңдаймыз?

Өндірушілер етеккір тостағанының екі түрін ұсынады, олардың бірі 25-30 жас аралығындағы әйелдерге, ал үлкені – 30 жастан асқандарға арналған. Сізге ыңғайсыздық тудырмауға оның жұмсақтығы мен мөлшері маңызды. Егер сіз жатыр мойнының қалай орналасқанын білсеңіз (кейбіреулерде төмен, не жоғары болуы мүмкін) мөлшерін анықтау қиындық тудырмайды. Мысалы, егер сіз жатыр мойнына саусағыңызды оңай қол тигізе алсаңыз, онда қысқа тостағандар ыңғайлы болады.

Артықшылықтары: Денсаулыққа қауіпсіз және оны қолданған кезде қынап қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл инфекциядан және зақымданудан қорғайды, сондай-ақ менструальды тостағандардың құрамында қауіпті химиялық заттар, қоспалар немесе ағартқыштар жоқ. Мамандардың айтуынша, бұл зат біз әдетте қолданатын томпондардан зиянсыз. Себебі, тампон қынапты құрғатып, инфекцияларға және токсикалық шок синдромына әкелуі мүмкін екен.

Сонымен қатар, етеккір тостағандары спортпен айналысатын қыздар үшін де ыңғайлы және оны түнде де қолдана беруге болады.

Кемшіліктері: Алдымен оны орнату үйренгенге дейін қиындық тудырады, бүктеу кезінде қолыңыздан шығып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, шыныаяқты алып тастау кезінде де мұқият болмасаңыз етеккір сұйықтығы төгілуі мүмкін. Мұндай гигиена өнімі бәріне жарайды деп айта алмаймыз. Өйткені кейбір әйелдер тік ішек тұсынан қысым сезінеді. Тостаған қынап тәжінің (гимен) созылуына немесе бұзылуына әкелуі мүмкін болғандықтан, қыздарға тостағанды пайдалану мүлде ұсынылмайды.