News

EURASIAN FASHION WEEK БЛОГЕРЛЕРДІҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Жуырда EURASIAN FASHION WEEK сән апталығы мен оның негізін қалаушы Ирина Байжанова елімізге танымал журналистер мен блогерлердің басын қосып, медиабранч өткізді.

Шара барысында сән апталығында отандық дизайнерлер ұсынатын күз-қыс 23/24 топтамалары жайында әңгімеленген болатын.

Медиабран барысында Ирина Байжанова сән апталығының серіктестері туралы айта келіп, LES EAUX REVEES жаңа топтамасының хош иістерін алғашқылардың бірі болып тамашалауға бірегей мүмкіндік берді.

Іс-шараға EURASIAN FASHION WEEK елшілері мен достары: Жанна Ахметова, Рамина Таипова, Алтынай Исакова, Мира Берген, Альмира Тұрсын, Юлия Ким, Вероника Тен, Mini Knopka, Кариша Сыздықова, Маржан Өтеген, Айсұлу Əзімбаева, Елена Кирьянова, Камилла Байжанова жəне Алина Ли қатысты.


EURASIAN FASHION WEEK – бүкіл Еуразия континентінің сəні мен стилін білдіретін мобильді халықаралық алаң. Ол Қазақстаннан 2019 жылы басталып, Прага, Братислава, Бангкок жəне Дубайда өтті. 2023 жылғы 28-29 сəуірде сəн апталығы Алматы қаласында “FUTURE is NOW” ұранымен
форум СОО жаңа маусымын ашады (ағылш. “Болашақ қазір”) дəл қазір ел мен континенттің келбетін өзгертетін шығармашылық жастарды қолдау.
Көрсетілімдердің бірінші күні, 28 сəуір, көрермендерге қазақстандық жəне шетелдік дизайнерлердің топтамаларын ұсынады. Екінші күні, 29 сəуірде KID’S FASHION DAY жəне 2022 жылдың күзінде өткен FASHION FOR FUTURE жас дизайнерлер байқауының жеңімпаздар топтамасының көрсетілімдері өтеді.