Cән мен сұлулықБет күтімі

Фейсфитнес: Бет күтіміне арналған жапондық массаж

Массажды күн сайын таңғы және кешкі уақытта жасаған дұрыс. Әсіресе ыстық моншадан кейін жасасаңыз әсері жақсы болмақ. Оны массажға арналған жақпа майдың көмегімен жасаған ыңғайлы. Одан кейін сумен шайып тастап, бет терісіне арналған қарапайым жақпамайды қолдану керек. Ескерте кетейін, массаждың алдында бетті тазартып алғаныңыз абзал.Массаждың  бұл тірін  өзіңіз күн сайын қайталап жасауға болады.

1. Бетке арналған жақпамайды аз ғана мөлшерде алып, саусақты суреттегі сызықтар бойымен жүргізесіз

 

 

 

2. Домалақ айналымдар арқылы иық тұсынан бастап  мойынға массаж жасаймыз. Құлақ тұсына дейін жету керек. Шамамен 10-15 рет қайталаймыз. Бұл беттегі ісіктерді қайтаруға ықпал етеді

 

 

3. Мұрын мен ерін айналысындағы қатпарларды кетіру үшін бет сопақшасынан көзге дейінгі аймаққа баяу қимылмен массаж жасаймыз. Бұл әдісті де 10-15 рет қайталаймыз

 

 

4. Әжімдердің ерін айналасында болмауы үшін массаждың пайдасы зор. Иек тұсынан бас-тап, мұрынға дейін дөңгелектеп саусақтарымызды жылжытамыз. Одан кейін мұрын мен маңдайға қарай бағыттаймыз. Ол қас арасындағы әжемдерді кетіреді.

 

 

5. Көз тұсындағы әжемдерді кетіру үшін оның айналасын баяу массаж қимылдары арқылы уқалаймыз.

 

 

 

6. Қабаққа арналған массаж оның салбырауынан сақтайды. Ол үшін саусақ ұштарымен қастың төменгі бөлігін уқалаймыз. 10 реттен артық жасасаңыз нәтижесі жақсы болмақ.

 

 

 

7. Мойындағы әжімдерді азайту үшін құлақ тұсынан иыққа дейінгі аймақты массаж қимылдары арқылы сергітеміз.

 

МАССАЖДАН КЕЙІН БЕТТІ ЖУЫП, АРНАЙЫ МАСКАЛАРДЫ ЖАҒЫП  

20-30 минут  ТЫНЫҒУ КЕРЕК! Осы сәтте бет сергіп, оның жаңа  болмысы пайда болады.

Массажды ұсынған –  жапон массажының халықаралық дәрежедегі шебері Назым Мукайяма. 20 жыл Жапонияда тұр­ған шебердің бұл салада 15 жылдық тәжірибесі бар. Ол Жапонияның Осака қаласындағы Кос­­ме­то­ло­гия және жа­пондық массаж ака­демиясын бі­тір­ген. Қазақстандағы тұң­ғыш жапондық массаж мек­тебі мен салоны­ның не­гізін қалаушы. Бет­ке, де­не­ге нүктелеу ар­қы­лы жасалатын шиацу мас­са­жы­ның шебері. Сондай-ақ, Назым бетке және де­неге ар­налған бірнеше массаж түрінің авторы.