Жан әлемі

Сіздің бақытты сәттеріңіздің кәугері

Фотосурет - бақытты күндерді қайта бастан өткеруге мүмкіндік беретін керемет естелік. Оны арнайы студияда түсірсеңіз құндылығы арта түседі. Біз сіздің көңіліңізден шығатын фотостудия тауып қойдық. Төмендегі суреттерге назар салыңыз!

“Valna” студиясы  –  нәзіктік пен махаббатқа толы мекен. Интерьердегі әрбір детальге мұқият мән берілгені көрініп тұр. “Көзге байқала бермейтін кішкентай дүниенің фототүсірілім кезінде маңызы зор. Ол суреттің сәтті шығуына айтарлықтай атсалысады”, – дейді студия қызметкерлері.

“Balcon” залындағы  Алматының сұлулығы тұтас көрінетін үлкен терезе жанында, қанық, әдемі түстерге толы “Grey” залында түсірілген фотосуреттер кімге болсын жақсы көңіл күй сыйлайды.

Сонымен қатар, ыңғайлы грим бөлмесі, жайлы  автотұрақ та қызмет етеді. “Valna” студиясы өз қонағын құшақ жая қарсы алуға әрқашан әзір.

 

Мекенжай:  Роза Бағланова көшесі, 41

Байланыс телефоны:
+7 771 019 84 74

Мына жерден басқа да суреттерді көре аласыз:  @valna_project (Instagram)