News

Givenchy ұсынған L`Interdit жаңа хош иісінің тұсаукесері өтті

20-қыркүйек. Алматы қаласы, ArtиШОК театрының үлкен сахнасында Givenchy сән үйінің жабық art кеші өтті.

Кештің басты мақсаты – Givenchy ұсынған L`Interdit жаңа хош иісімен танысу болды. Жиын қонақтары ретінде дизайнерлер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер, актрисалар шақырылды. Кештің көркін арнайы дайындалған қойылым мен арт көрсетілім аша түскен.

Givenchy ұсынған L`Interdit хош иісінің тарихы ертеден басталған…                         1954 жылы жас модельер Юбер де Живанши өзіне мисс Хепберн келіп тұр дегенді естігенде, атақты актриса Кэтрин Хепбернді күткен болатын. Алайда оның алдына нәзік, бетінде бір де бір бояуы жоқ қыз келіп тұрды. Ол – Одри болатын. Содан кейін ұлы кутюрье мен актрисаның арасындағы достық өмір бойына жалғасады.

1957 жылы Одри күйеуімен ажырасып, қайғыдан құса болған кезде, досы Живанши оған тосын сый жасамақ болады. Юбер акрисаның мұңаюына тиым салып, өзінің алғашқы хош иісін сыйға тартқан екен. Есесіне, Одри Живаншиге бұл әтірді өзге біреуге сыйлауына тиым салған. Осылайша Givenchy үйінің хош иісті L’Interdit әтірі дүниеге келген.

Бір жылдан кейін Одри өз бақытын қайта тауып, әтірді шығаруға рұқсат берген. 2017 жылы  Givenchy үйі әйгілі L’Interdit хош иісінің заманауи нұсқасын шығарып, Юберден баға беруді сұрайды. Кутюрье күлімдеп, қорабтың ішіне қолын қойған екен.

Айта кетсек, Юбер де Живанши ағымдағы жылдың 10- наурызында дүниеден озды.