Ас мәзіріНегізгі ас

Грузин асы – Оджахури

Грузин асханасы өзгелерден ащы және қышқыл тұздықтарымен ерекшеленеді. Қазақ мәзірлері сынды мұнда да ет тағамдарынан жасалатын асқа бай халық. Сол себепті грузин халқының бұл тағамы кез келген иісі қазақтың талғамынан шығары сөзсіз.

Құрамы:

  • Бұзау еті
  • Картоп
  • Пияз
  • Ақжелкен
  • Сарымсақ
  • Қызанақ
  • Грузин аджикасы

Дайындау әдісі:

  1. Бір сағат бұрын бұзау еті маринадталады.
  2. Оған дейін картоп аршып, өзге де дәмдеуіштерді даярлай береміз.
  3. Етті қуыру барысында сарымсақ пен аджиканы қосамыз.
  4. Қызанақ пен ақжелкенді де етке қоса қуырамыз.
  5. Бұл астың картобы бөлек қуырылады.
  6. Енді екі бөлек табада қуырылып жатқан тағамға табақ даярлайық.
  7. Әдетте бұл асты грузиндер кэдсиге салады екен. Ол – қыш табақ. Картоп пен етті орналастырған сөң, бетіне аскөк себеміз.