News

Гуйлиньден Провансқа саяхаттаңыз!

 

Жаңа ингредиент іздеген L’Occitane мамандары дәл осы Осьмантус гүлі үшін Гуйлинь қаласына аттанған. Күзде өзге гүлдер қурап қалған кезде сары османтус ғана жайқалып тұрады.  Оның иісінде гүлді ноталар мен өріктің хош иісі бар. Сондай-ақ оны «хош иісті зәйтүн» деп атайды, өйткені ол зәйтүн тұқымдасы болып есептеледі Қытайда османтус сәттілік пен абыройдың символы, ал бұл гүлдің гүлді-жемісі хош иісі бақыт пен тыныштық  иісі деп саналады.

L’Occitane-дің барлық ингредиенттері сияқты, османтус та қытай дәстүрлерінен бастау алатын терең тарихқа ие.    Қытайда османтус – қыркүйекте атап өтілетін ай фестивалінің басты символы. Дәл осы уақытта османтус хош иісті гүлдермен мол гүлдей бастайды. Мереке кезінде қытайлық отбасылар бақшаға жиналып, османтус гүлдерінің хош иісі қосылған «ай кексін» даярлап, дәм татады.

Бұл ғажайып өсімдіктің гүлдері шайға да қосылады. Гуй Хуа Ча –  османтус жапырақшалары мен нәзік және тәтті дәмі бар өрік пен шабдалы дәмі бар хош иісті қытай шайы. Кептірілген османтус гүлдері джемдерге, сорпаларға, тіпті ликерлерге де қосылады.

Біздің жаңа  парфюмерияның тарихы гүлдерді ежелгі қытайлық жинау  әдістерімен қолданатын Гуилиннен бастау алады. Османтустың конкретін алу үшін гүлді жапырақтардан бөлінгеннен кейін,арнайы  тұзды ерітіндіге 2-3 айға салады.Белгілі бір уақыт өткеннен кейін алынған өнім Givaudan зертханасында әйгілі Прованс парфюмерлерінің қолында теңдесі жоқ хош иіске айналады.

L’Occitane-дің денеге күтім жасайтын жаңа Османтуспен өзіңіздің бақыт иісіңізді ашыңыз!