News

Herbalife Nutrition Foundation қайырымдылық қоры Қазақстанда тұңғыш рет Casa Herbalife бағдарламасының жұмысын бастады

Отбасылық балалар үйінің анасы Тұяқ апамен естелік

Қазақстандағы Herbalife Nutrition Foundation қайырымдылық қорының жұмысы Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтумен басталды. Сонымен қатар, Casa Herbalife бағдарламасының іске қосылғандығын хабарлады. Бағдарламаның Қазақстандағы алғашқы серіктесі -  «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйі.

Herbalife Nutrition Foundation (HNF) қайырымдылық қоры – Herbalife Nutrition халықаралық компаниясының коммерциялық емес ұйымы. Қор ата-анасыз қалған балалардың өмірін жақсартып, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттаумен айналысады. Casa Herbalife бағдарламасы Тәуелсіз Серіктестердің талабымен әлемдегі мұқтаж балаларға көмек көрсету, дұрыс тамақатануға мүмкіндік беру, тұрмыс жағдайын түзеу, медициналық көмек алуына жағдай жасау және   сапалы білім алуына қол ұшын беру мақсатында құрылды.

Casa Herbalife бағдарламасы 50 жуық мемлекетте қызмет етеді. 140 тәуелсіз ұйыммен серіктестік орнатқан Herbalife Nutrition жыл сайын миллион АҚШ долларын қайырымдылыққа жұмсайды. Оның ішінде балалар үйін, мектептерді, балалар ауруханасын және өзге де мекемелерді қаржыландыру ісі кіреді. Қайырымдылық көмек 100 000 жуық мұқтаж балаларды қамтиды. Енді мұндай көмек қазақстандық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де қолжетімді.

Балалар үйі алдындағы естелік сурет

Айта кетейік, Casa Herbalife халықаралық бағдарламасы өз жұмысын айтулы датамен сәйкес бастады. Биыл Herbalife Nutrition Foundation (HNF) қайырымдылық қоры өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтпек. Қордың Қазақстандағы жаңа серіктесі – «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйі. Қайырымдылық қоры балалар үйінің жаңа асханасын салу үшін тұңғыш грантын бөледі.

«Бүгінгі мерекелік шараға қатысумен үшін үлкен абырой. Біздің Тәуелсіз серіктестеріміз мен қызметкерлеріміз «Нұр» отбасылық балалар үйімен бұрыннан тығыз байланыс орнатып келеді. Олар әрдайым көмек қолын созуға тырысады. Себебі, мұндағы атмосфера бөлек, балалардың өз үйін, отбасын тауып, потенциалын ашып, оны жүзеге асыруға атсалысудан ләззат аламыз. Бұл біздің әрі қарайғы бірлесе қызмет етуімізге жасалған алғашқы қадам. Болашақта балалардың өмірін жарқын әрі бақытты етуге арналған жаңа жобаларымыз бар», – дейді «Гербалайф Қазақстан» ЖШС бас директоры Эльвира Болотова.

«Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйі – қайырымдылық көмек мен жеке құрбандықтардың есебінен жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттік емес ұйым. Олардың ерікті көмекшілері аз емес, дегенмен, барлық қажеттіліктерді толық шешу мүмкін емес. Кейбірі, тіпті, ауқымды қаржыны, күрделі жөндеуді талап етеді. Herbalife Nutrition Foundation (HNF) қайырымдылық қорының Casа Herbalife бағдарламасы аясында бөлген гранты асхана аумағын  салуға және балалар үйі тәрбиеленушілерінің дұрыс тамақтануына қолайлы жағдай жасауға толық  жетеді.

Отбасылық балалар үйінің анасы Тұяқ апамен естелік

«Біз Herbalife Nutrition компаниясының қайырымдылық қоры бөлген грантына, бізге серіктес болғанына шексіз ризамыз. Бізге көптеген ұйымдар, еріктілер, қарапайым қала тұрғындары көмектеседі. Әлемде мейірімді адамдар өте көп. Дегенмен осындай ауқымды көмек біздің мәселемізді шешуге көмектеседі. Көптен түйіткілге айналған тамақтану орнын жаңартатын болдық. Балалар мен үй қызметкерлерінің атынан мың алғыс атамын», –  дейді «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің анасы Есқожина Тұяқ Қазкенқызы.

Қазақстандағы Casa Herbalife қайырымдылық бағдарламасы өз жұмысын халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс бастады. Компанияның кең жүректі, жомарт, мейірімді  20 Тәуелсіз серіктесі мен қызметкерлері мерекелік шараны ұйымдастырды. Ең бірінші, барлығы Жасыл Арман аллеясына көшеттер мен гүлдерді отырғызды. Балалар өз тілектерін тілеп, оларды отырғызылған ағашқа байлады. Армандар орындалады. Өте жақында, осы жылдың күзінде оларға жаңа асхананың есігі айқара ашылады. Жаңа бау бақша аллеясы жайқала өсіп, балақайлардың тәтті арманы жүзеге асатын болады.